Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қалмұханбет Қасымов: “Лаңкесшілер әйелі мен балаларын өз мақсатына пайдаланады”

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, заңға өзгерістер енгізілген кезде діни көзқарастан туындайтын отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі де назардан тыс қалмауы қажет.

«Мысалы, Ақтөбелік лаңкес Дмитрий Таңатаров екі айлық баласын әйелінен күшпен тартып алған. Кейін ол әйелі басына орамал тартып, ұзын көйлек киіп, намаз оқыған кезде сәбиді анасына берген. Біздің ойымызша, осы мәселе заңнан тыс қалмауы қажет»

– дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда радикалды діни ағымдағы топ Ақтөбеде «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне қарулы шабуыл жасап, мұнан кейін ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөлімін басып алмақшы болған. Оның ішінде Дмитрий Таңатаров та бар.

Лаңкестер «MAN» маршруттық автобусын басып алып, тексеру-өткізу пунктінің қақпасын бұзып кіріп, қару-жараққа қарай беттеген. Алайда, олар қару-жараққа қол жеткізе алмаған. Күзетші қару қолданып, оларға бөлімнің аумағына әрі қарай енуіне жол бермеген.

Жалпы, Ақтөбедегі теракт салдарынан төрт лаңкес, төрт әскери қызметші, үш бейбіт тұрғын қаза болды. Түнде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен тағы 5 қылмыскер өлтіріліп, екеуі ұсталды.

Тергеу барысында, лаңкестік актіні ұйымдастырған салафизм ағымын ұстанатындар болып шыққан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз