Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алғабаста „Астана құрылыс„ салған тағы бір үй апатты жағдайда тұр

Алматы телеарнасына шағымданған №144 үйдің пәтер иелері бір жағына жантайып кеткен үйдің айналасына енді ғана суағар арық жасалғанын, осы күнге дейін өздерінің су ортасында отырғанын айтқан.

Арнайы техника кешеден бері жерді бұрғылып жатыр. Жер асты суының тереңдігін анықтайтын бұрғылау машинасы осындағы барлық үйлердің түбін тексеріп көрмек.

– Жердің үш метрге дейінгі қабаты ылғалды, сулы. Ол жаңбырдың суы. Ал, жер асты суы 12 метр қазған соң шығып жатыр. Осы уақытқа дейін екі үйдің жанын қаздық”,- деді бұрғышы Андрей ВИРЦЕВ.

„Компания кезінде шала тастап кеткен үйлердің айналасына енді ғана суағарлар салса, “Алматықалабезендіру” мекемесінің мамандары ғимараттардың салыну сапасын да тексеріп жатыр. Басшылары сұхбат беруге тыйым салған маманның айтуынша, бұл аумаққа көпқабатты үйді салуға болады, жердің географиялық жағдайы жақсы. Тек құрылысты жобалау дұрыс жүргізілмеген көрінеді„ дейді Алматы телеарнасының тілшісі.

Тұрғындар қолдан дәнекерленіп жасалып, шиқылдап әрең тұрған лифтінің сыртына түскен сызаттың да уақыт өткен сайын ұлғайып бара жатқанын айтады. Ал, кері қарай 40 сантиметрге шалқайып кеткен үйдің алдағы күні бұзылатыны, не болмаса қалатыны аптаның соңында айтылмақ. Полицияның бақылауындағы аумақта геологтар мен өзге де мамандар жұмыс істеп жатыр. Апатты деп танылған ғимараттағы 72 пәтердің иелері осы аудандағы бос тұрған үйлерге орналасады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз