Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Ақтөбеде пәктігін жасататын қыздардың саны артуда

238

Ақылы медицинада бұл қызметтің сұранысы артып тұр деп жазады өңірдегі NUR.KZ.

Астаналық жезөкшенің бүкпесіз әңгімесі: «Жарымағыр өмірді ұмытасың…» (видео)

“Бізде қыздықты қалпына келтіру отасы бар. Кейде сезімдерге ерік беріп, өзімізді басқара алмайтын кездер болады. Махаббат келеді, кетеді. Бәрі өтеді. Сондай жағдай болып қалды. Ол адамды сүйді. Бірақ тағдырлары түйіскен жоқ.

Әйел адам тұрмысқа шығатын жігітке адал болғысы келетін шығар. Қалай болғанда да ол оның өз құпиясы. Олар мұндай қадамға өз таңдауымен барады. Сондықтан тәптіштеп қойылған бұл сұрақты жауапсыз қалдырайық”, – дейді пластикалық хирург Ибрагим Бралов.

«Мектепте болды…». Жүкті боп қалған 16 жасар қыз басынан өткен қиындықтарын айтты

Өңірде тұрмысқа шығатын қыздар жасанды “пәктік” жасатуды сәнге айналдырған.

“Қыздықты қалпына келтіруге қатысты өтінішпен келетін қыздар бар. Біз ондай шағын оталарды жасап жүрміз. Басқа ештеңе айта алмаймын.

Себебі, дәрігерлік құпия деген бар. Келушілер туралы ақпарат беруге құқығымыз жоқ. Мұндай сұрақпен келушілерге қатысты ештеңе айта алмаймын.

Бұл сондай құпия ақпарат. Ол туралы тек дәрігер және өтініш жасаушы ғана білуге тиіс. Әрине, ондай оталарды босанбаған, тұрмысқа шықпаған қыздар сұрайды”, – дейді дәрігер Бралов.

«Қашып құтылдым». Өзге ағымның жетегінде кеткен еркекке тиген әйел шындығын айтты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз