Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Мектепте болды…”. Жүкті боп қалған 16 жасар қыз басынан өткен қиындықтарын айтты

1592

Алайда балалы болатынын естіген жігіт жауапкершіліктен бас тартып, әуелі қызға өзіне ендігі хабарласпауын өтініп, үйленіп те үлгергенін айтқан.

«Бала көтергесін некеге тұрдық». Айқын Жұлдыз туралы бәрін айтты (видео)

«Баланың әкесіне хабарластым, оның тұтқаны көтергеніне қуандым. Ол маған «бала менікі емес, маған ендігі хабарласпа, жақын арада өзім үйлендім, әйелімнің де аяғы ауыр» деп айтты. Ішімдегі баламның әкесі солай айтқандықтан мен қызымды жек көріп, туғанда одан бас тартамын деп шешкен болатынмын», – дейді жылаған қыз.

Жағдайын анасына айтқан бойжеткен қолдау көрмей, ауруханада жатып тек баласынан құтылу жолын іздеген. Тіпті оны туғанда қолына да алмағанын айтады.

«Қызымды қолыма алмастан одан бас тарту құжатына қол қоймақ болғанымда қасымдағы келіншектер мен медбикелер райымнан қайтармақ болды. Қасымдағы бір қыз «осы баладан кейін Құдайдың қаһарына ұшырап басқасын таба алмай қалуың мүмкін» деді. Бірақ мен ешкімді тыңдағым келмей менің өміріме араласпауларын сұрадым. Кейін «Аналар үйінің» өкілдерін шақыртып, солармен сөйлескеннен кейін ғана ойландым», – дейді Нағима.

«Жағдай былай ғой…». Қыдырәлі қатты айтты

Жастайынан өмірдің азабын көрген жас қыздың баласы қазір бір жастан асқан екен. Әлі күнге дейін «Аналар үйін» паналап отыр. Сол орталықтың қолдауымен аспазшы мамандығы бойынша оқу оқып, қараша айында қолына сертификат алады. Анасымен татуласқан.  Орталықтан шыққаннан кейін анасымен бірге тұратынын айтады.

«Ұсқынсыз». Кәмшат Жолдыбаеваның желіге салған суреті жұртқа жақпай қалды (фото)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз