Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
16
USD
519
+0.27
EUR
592
-4.15
RUB
6.27
-0.10

“Жағдай былай ғой…”. Қыдырәлі қатты айтты

2831

Продюсер ел ағаларының экономикамен айналысудың орнына той-томалаққа тиісетініне ашуланды.

“Егер біз осы қалпымызда отыра берсек, біздің ішкі нарық, экономикамыз ешқашан өспейді. Мәселен, біз ойыншық, шұлық шығарамыз. Бірақ Италия, Қытай, Ресей немесе Беларусь компанияларымен бірдей салық төлейміз. Неге біз отандық өнім шығара тұра, шетелдік компаниялармен бірдей салық төлеуіміз керек?! Неге қазақстандықтар өз ақшасына сырттан келетін тауарларды сатып алып, бәрін шетелге жіберуі керек?”, — дейді Болманов.

Оның пайымынша, қаржылық айналым тоқтамай, біздің шағын және орта бизнесіміз ешқашан дами алмайды. Ол дами алмаса, экономика ешқашан көтерілмейді.

Қыдырәлі Болманов Халыққа қызмет көрсету орталығына “жұмысқа тұрды”

“Сол ағаларымыз экономикамен айналысудың орнына, келіп тойға тиіседі. Құдды бір қазақтың тойынан экономикамыз көтерілмей жатқан сияқты… Басқасының бәрін қатырып қойғандай, той, фонограмма деп шулайды”, — деп түйіндеді әнші.

 

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз