Жезөкше деп масқаралап, ауыздарына келгенді айтқанша неге биліктегі ағалар елдің жағдайын жасауға ат салыспайды. Бұл салада жүрген қыз-келіншектердің барлығы жетіскеннен жүрген жоқ.
Егер табысы мол болып, жағдайы жақсы боп тұрса жезөкше боп қайтеді?
Жоқтық, мұқтаждық, таршылық осы жолға әкеп жатыр қыздарды.
Егер сол себепті жойса жезөкше де көп болмас еді елімізде, – дейді „Өз ойым„ бағдарламасының қонағы Айнұр есімді бойжеткен. Оның жасы 28-де. Ал жезөкшелікке 21 жасынан бет бұрыпты.
„Мен Астанада оқып жүрдім. Теміржол колледжінде. Сол кезде медициналық міндетті тексеру кезінде менің өкпесінен таяқша табылды. Сөйтіп алты ай тубдиспансерге жатып шықтым. Емделді деген қағазым болса да колледж басшылығы менің қолыма құжаттарымды ұстатып жіберді. Сөйтіп оқудан шығарды. Директор мұғалімдерге, студенттерге жұқтырасын деп жеке-дара шешім қабылдады. Ешкімім жоқ. Қарсы тұра алмадым бұл әділетсіздікке.
«Апашка дейді». Өзімнен 10 жас кіші жігіттің әйелі болғаныма өкінемін
Ауылға қайтқым келмеді. Өйткені анам мен әпкем ғана бар. Әпкем тұрмыста, жағдайы жоқ. Ал анам аурушаң еді, жұмысқа жарамайтын. Әкемнің туыстарын ешқашан көрген емеспін. Әкемді де. Содан маған табыс табу керек болды. Сөйтіп Артемге сатушы боп жұмысқа тұрдым. Балмұздақ саттым.
Сол арада бір апай жұретін үнемі. Сол маған келіп комплимент айтып, көңілімді аулап жүрді. Сұлусың, сүйкімдісің дейтін.
Бірақ тапқаным аз болды. Сол кезде анам қатты ауырып, ақша шұғыл керек болды. Ана әйел де келіп: „Бір кісімен таныстырайын, ақша көп табатын жұмыс береді„ деді. Бір салиқалы, бақ-қуатты, өңді үлкен еркекпен таныстым. Ол көңілдес болуға мені көндірді. Бизнесі бар екенін, сол арада жақсы айлыққа жұмыс тауып беретінін айтып біраз жүріп алды.
Мен оның мейрамханасының әкімшісі боламын ба деп дәмелендім. Бірақ ол мені мейрамханаға алып келіп, бір-екі кісі тауып қойғанын, оған интимдік қызмет көрсетуімді сұрады.
Оның айтқанын істеп, өте жақсы ақша таптым. Ол ақшаға пәтерақымды төлеп, киімдерімді жаңалап алдым. Солай осы жолға түстім.
«Мектепте болды…». Жүкті боп қалған 16 жасар қыз басынан өткен қиындықтарын айтты
Қазір анамның денсаулығы, шүкір жақсы. Анамды Астанаға қасыма алып алғым келеді. Әрине, ол менің мұндай жолда жүргенімді білмейді. Левый берегте бір бөлмелі үйім бар. Соны үлкейтіп қасыма анамды алып алсам ба деймін.
Полиция рейд жасаған соң жезөкшелерді қоя беретіні рас. Мысалы, мен түсіп қалған кезде „крышама„ звандадым. Сол біржақты қып шығарып алды. Көкемізге ақшаны ай сайын беріп тұрамыз.
Жезөкшелікті тастаған кезім болған. Үш ай демалып алдым да жалақыға жұмысқа тұрдым. Бірақ ол ақша өте аз. Күнкөрістен аспай қалды. Анама көмектесе алмадым. Содан қайтадан осыған оралдым.
Енді ойлап жүрмін, бір кәсіп ашу керек деп. Сонда жезөкшелікті қоятын шығармын. Ауылымда, туған жерімде жиһаз цехын ашсам ба деген ойым бар. Бір таныстарым болды осы бизнеспен айналысатын. Бірақ оған өте көп қаражат керек екен.
«Құжынаған жезөкше». Маңғыстау моншасына полиция кіріп келді (видео)
Әрине, айтуға оңай. Жезөкшенің өмірі өмір деп кім айтты? Жезөкшенің өмірін сүріп көрмеген соң оны айыптауға қақыларыңыз жоқ. Әрине, оны бастарыңызға бермесін. Жетіскеннен жүргем жоқ мен бұл салада, – деп жылап қалды студиядағы Айнұр.