Павлодар облысының Ақсу қаласында полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Рейдтік іс-шара барысында Хиуаз Доспанова көшесінде бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің қалалық автобусты басқарып жүргені анықталды.
Мұндай құқық бұзушылық жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Өйткені қоғамдық көлік жүргізушісі өз жолаушыларының ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың да қауіпсіздігіне жауапты.
«Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автобус мамандандырылған тұраққа қойылды», – дейді Ақсу қаласы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Бауыржан Мұстафин.