Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Ана сайқымазақ па?..”. Қуат Найман министр мен депутаттарды “нокаутқа” жіберді (видео)

4919

Қарапайым халыққа қарапайым жауап бере алмайтындарды қызметінен қуу керек. Сіздер журналистерден қашатын актер емессіздер ғой.

28 мың теңге иттің бір айлық тамағына да жетпейді. Сосын орташа жалақы 163 мың теңге деген ертегіні қойыңыздаршы.

Неге қарапайым халықты жек көретіндеріңізді түсінбеймін. Не істеді олар сендерге? Керек десеңіздер алтын, мұнай, газ, ураннан да бас тарта аламыз.

Тек азық түлік, жанармай, білім, медицинаны арзан қып, зейнетақыны жақсылап көтеріп беріңіздерші. Қалған байлықты тиеп-тиеп алып кетсеңіздер де бәрібір.

«Сөзіңе жауап бер!». Панкратионнан әлем чемпионы Қуат Найманды жекпе-жекке шақырды

Біз Дубайдағыдай өмір сүруді сұрап отырғанымыз жоқ. Алтынмен көмкермей-ақ қойыңыздар. Тек дұрыс жұмыспен қамтамасыз етіңіздерші.

Қазір бәрі жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Тапқанын жегенге шүкір етеді халық. Бәрі отбасын асырау үшін шетелге кеткісі келеді. Бәрінің мойнында қарыз.

Адамдар өлейін деп жатса, сіздер қалай жер басып жүрсіздер түк болмағандай?

Егер халықтың жағдайын шешіп бере алмасаңыздар, не үшін отырсыздар?» − деген спортшы осы жазбасын журналистерден жоғарыға жеткізуін сұраған.

«Билікте ұят жоқ…». Қазақ Қуат Найманның қадіріне жетпей жүр екен

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті 5 қазанда жариялаған жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкіметке ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырған болатын. Сондай-ақ, бюджет саласы жұмыскерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы ұлғайтылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз