«Генаға бокстан кету керек деген» танымал спортшы Қуат Хамитовты Панкратионнан әлем чемпионы Мырза Еркенбеков жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізде болса, 19 наурыз күні Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гардэн» аренасында америкалық Дэниел Джейкобспен кезекті айқасын өткізіп, қарсыласын төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
Осы жазбадан кейін Панкратионнан әлем чемпионы Мырза Еркенбеков өзінің Инстаграм парақшасында «Найманға» қарсы жауап жазды.
«Қуат Хамитов сен менен қашқақтай бермей жекпе-жекке шық. Геннадий Головкиннің жеңісі бүкіл қазаққа ортақ. Менімен жекпе-жекке шықпасаң Головкин емес «сен» спорттан кетуің керек»
– деп жазды Мырза Еркенбеков.