Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Билікте ұят жоқ…”. Қазақ Қуат Найманның қадіріне жетпей жүр екен

199

https://kaz.365info.kz/khuat-najman-ministr-bolsam-halykhkha-tegin-zher-men-yj-berip-barin-tegin-khylar-edim-254393

Анығында, спортшылар да сөйлесе болар еді. Елдегі ахуалды айтса, халықтың қажығанын жеткізсе. Кедейшіліктің қысып, қымбатшылықтың діңкелетіп жатқанын сөз етсе, солардың біреу тілін кесе ме? Бұлай ойлаудың өзі біртүрлі бірақ. Бастық болғаннан кейін аузы буылады барлығының. “Естігем жоқ, көргем жоқ” дейтіндердің қатарына қосылады.

Билікке барғаннан кейін халықтан алыстайды. Бұл заңдылық. Қазақстан үшін заңдылық. 

Спортшылардың арасында қазақ қадіріне жетпей жүрген жігіттердің бірі – Қуат Найман, біздіңше. 

Оны сөктік те. Головкинге қатысты пікір білдіргені үшін басы бәлеге қалды.

Оның өзге жазбаларын оқығандар бар ма осы? 

“Қолымнан бірдеңе келсе, онда бірде-бір қазақтың қызы аттың басындай алтын берсе де қытайға үйленбес еді! 

Қабанбай бабаларымыздың заманында дүниеге келмегінім өкінішті.

Әйтпесе, тіпті, біздің әйелдерімізге үйленуге ойы бар адамның басын алар едім. Ал бұл иттер кезінде кімнен қашқанын және мына ұлы қытай қақпаларын не үшін соққандарын ұмытпасын”, – дейді Қуат. 

“Егер жалғыз адам ми батпақты әлемдегі мықты экономикасы бар елге (Сингапур) айналдыра алса, онда неге Құдайдың өзі берген байлыққа толы елде бұл мүмкін болмай отыр? Бізде неге жұмыссыздық көп? Неге қызыл диплом алғандар базар жағалап жүр? Неге әр қазақтың басында баспана жоқ?”, – дейді Қуат. 

“Меніңше, осы уақытпен өмір сүретін кез келді. 2050 жылды күтудің қажеті жоқ. Мәселені тап қазір, осы жерде шешу керек”

дейді ол тағы да. 

“Ең бірінші көмегім қарттарды зейнетке ерте шығарар едім, аурухана мен дене тәрбиесі мектептерін тегін жасап, әр жаңа туған нәрестеге 1 миллион теңге, үй салатын жерін, жаңа отбасын құрған жастарға үйін, жұмысын тауып берер едім”, – дейді Қуат енді бірде. 

https://kaz.365info.kz/eshkimge-khypiya-emes-khuat-najman-golovkinnin-khulygyn-ashyp-berdi-266539

“Қазақстан мұнай, газ, алтын, күміс, уран, мыс, көмір қоры бойынша әлемнің алдыңғы 5-тігіне кіреді.

Халық осы байлықтың қызығын көріп отыр ма? Ал билікте ұят жоқ. 

Анығында, «Алға Қазақстан» деп айғайлайтындар патриот емес, халқының мұң-мұқтажын жан-тәнімен сезінетін адамдар патриот”, – дейді ол тағы бірде.

Бұл Қуаттың аузынан шыққан отты пікірлердің бір парасы ғана. Қарапайым ғана. Қиындатып отырған дәнеңесі жоқ. Халыққа қажетті, халыққа жақын дүниелерді сөз етіп отыр. Қуаттан өзге қай спортшы өстіп айтты? Жоқ, олар айта алмайды. Айтқысы келмейді. 

Мінезсіз өйткені. 

Халықтан алыс болғанды қалайды. Мансапқұмарлыққа ұмтылатыны содан.

https://kaz.365info.kz/al-a-aza-stan-dep-aj-ajlajtyndar-patriot-emes-244660

“Алға Қазақстан” дегеннен әріге аспайды олар. Бар айтары сол олардың. “Алға Қазақстан…”. Алға баса алмай жатпағанымыз анық, негізінде.

Ал Қуаттың қадіріне жетпей жүрміз. Бағаламай жүрміз. Бағаланбай өтуі де мүмкін…

Думан БЫҚАЙ

 

 

 

 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз