Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қуат Найман: “Министр болсам, халыққа тегін жер мен үй беріп, бәрін тегін қылар едім”

1258

«Мен ешқандай пайда келтіре алмадым, маған кетуге рұқсат етіңіздер», – деп өз жөнімен кетіңіз.

Күні бойы шалбарыңыз құйырығыңызға қыстырылып қалғанша отыра бермеңіз. Бұл бәріне де қатысты.

Егер жалғыз адам ми батпақты әлемдегі мықты экономикасы бар елге (Сингапур) айналдыра алса, онда неге Құдайдың өзі берген байлыққа толы елде адамдар әрекет жасамайды?

Бізде неге жұмыссыздық көп? Неге қызыл диплом алғандар базар жағалап жүр? Неге әр қазақстандықтың басында баспана жоқ? Мен оларға үй сыйлаңыз деп отырған жоқпын, жұмыспен қамтыңыз. Тоқтамай айтуға болатын көп мәселе бар. Және де оларды шешуге болады, әрине, егер өз халқын сүйетін нағыз азаматтар болса.

Меніңше, осы уақытпен өмір сүретін кез келді. 2050 жылды күтудің қажеті жоқ. Мәселені тап қазір, осы жерде шешу керек.

Депутат болуға халқы үшін жанын бере алатын адам ғана лайық.

Сондай-ақ Қуат Найман анаумен де, мынаумен де соғысқан адамдарды – Нұртас пен Баян секілділерді жас бүлдіршіндердің тестіне қосқан министрлікте терең ойдың адамдары жоқ сынды деп санайды.

– Елімізде жартылай жалаңаш қыздарды билетіп, ешкімге керек емес байқау өткізіп, анаумен де, мынаумен де „соғысқан„ адамдарды біз жас бүлдіршіндердің тестіне қалай қосамыз? Біздің қазақтың жас балаларына ол қандай тәрбие? Елімізде айтарға тұрарлық тұлғаларымыз өте көп.

Неге сол тесттің бір сұрағында Қанат Ислам бауырымыздың ерлігін атап өтпеске?!

Ол миллиардты жалғыз қазақ болып мойындатып, Қытайдың пәтеріне,  доллардымиллиондап  берем дегеніне карамай, ұлдарының қазақ болып өсуіне мән беріп, бәрін тастап елге келгенін неге жазбасқа?!

Бүкіл Жетісу өңірінің барлық спорт түріне араласқан жастарға қолұшын беріп, талайды чемпион жасаған, тегін спорт мектебін ашқан, ауылға шетелден мұғалім әкеліп, қара домалақтарға еңбегі сіңген Бауыржан Оспанов ағамыз туралы неге айтпасқа?!

Қуат Найман егер мен министр болсам:

„Ең бірінші көмегім қарттарды зейнетке ерте шығарар едім, аурухана мен дене тәрбиесі мектептерін тегін жасап, әр жаңа туған нәрестеге 1 миллион теңге, үй салатын жерін, жаңа отбасын құрған жастарға үйін, жұмысын тауып берер едім,

– дейді

Ауыл шаруашылығының дамуына бар күшімді салар едім, сол бағытта еңбек етем деген жастарға пайызсыз кредит берер едім. Елден шығып жатқан көмір, газ, жарықты халыққа тегін қылар едім„ – дейді.

Бірақ оның пікірінше, өкінішке қарай, біздің елімізде шындықты айтатын адамдар саясатпен айналыса алмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз