Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Айтылмаған әңгіме. «МұзАрт» тобының жігіттері жарларын қалай қаратқандарын айтып берді

156

Топтың кербез жігіті Сәкен Майғазиев «МұзАрт» құрылмай жатып шаңырақ көтерген екен.

– Динараның алдымен көзіне, одан кейін өзіне ғашық болдым, – дейді Сәкен. Иә, оның келіншегінің аты Динара екен.

Ал көптің көзайымы, талай қыздың арманы Мейрамбек Бесбаев өзінің жарының артынан көп жүгіріпті.

«Қанша рет екенін білмеймін. Бірақ Мархаббатқа ес-түссіз ғашық болдым. 2004 жылы. Оны көрген кезде үйлену керек екенін түсіндім. Ол кезде Мархаббат 18-ге толмаған еді. Сол себепті әке-шешесі рұқсат бермей, біраз күтуге тура келді. Басында әртіс деді. Дегенмен дұрыс жігіт екеніме көздері жеткеннен кейін үйлендік. Мен ол кезде 28-де болдым. Бірінші түріне, содан кейін араласа келе жан-дүниесіне, қарапайымдылығына ғашық болдым», – дейді ол.

Бүгіндері Мейрамбек көпбалалы әке болуды армандайды екен. Қазір оның бір ұлы мен бір қызы бар.

– Құдайға шүкір, бір қызым, бір ұлым бар. Кім көп балалы болғысы келмейді? Білмеймін, ондай адамдарды түсінбеймін, біз де армандаймыз. Мен негізі атам мен апамның қолында өскенмін.  10 бала болдық. Сол кісілердің баласы болғандықтан әке-шешемнің бар екенін өскеннен кейін бір-ақ білдім. Менен кейін екі қарындасым бар. Өкінішке орай, мен үшбалалы отбасыдан шықтым. Бірақ Кәусардың, Абухайырдың іні-қарындастары көп болса екен деп армандаймын, – деді «МұзАрт» тобының серісі.

Ал Кенжебектің жұбайының есімі Жәмилә екен.

«Мен 26 жасымда үйлендім. Жұбайым өзінің инабаттылығымен, сыпайылығымен қарапайымдылығымен өзіне тартып алды. Ешқандай өкінбейміз. Аллаға шүкір, жолға шыққан кезде біздің тілеуімізді тілеп, сапардан келген кезде жылы шыраймен қарсы алып жатады», – деді Кенжебек Жанәбілов.

Ал бағдарламаға қатысқан әнші Мөлдір Әуелбекова Мейрамбек Бесбаевқа ғашық болу қалай болатынын әзілмен, ұяла отырып айтып берді.Бұл арада „Ғашық жүрек„ фильмінде екеуі басты рөлді ойнағанын еске сала кетелік.

«Кино әлемі деген қызық қой. Одан бері де 6 жыл өте шығыпты. Әбден «аға, аға» деп өскеннен кейін ыңғайсыз болды. Ол жерде Мейрамбек пен Мөлдірдің арасында махаббат сезімін көрсету қиынға соқты. Мысалы, Мейрамбек аға текпешекпен жүгіріп бара жатып «Мөлдір, тоқташы» деген кезде күлкім келді. Ірі планмен көрсететін болса, мен ол жерде негізі күліп жүгіріп бара жатырмын. Ғашық көзбен қарау қиын болды. Актерлік

«МұзАрт» тобы тағы да бір рет 15 жылдық мерейтойын атап өтпек екен. 27 қараша күні Алматыдағы республика сарайында «МұзАрт» тобының концерті өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз