Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақышевқа сұрақ: Зейнетақы қорындағы 5 млрд теңге қайда жоғалды?

122

Зейнетақы активтерін инвестициялау Ұлттық банк тарапынан жүргізіледі. Яғни, зейнетақы активтері есебінен инвестициялау үшін Қазақстан Үкіметі бекіткен қажетті қаржылық талаптар мен инвестициялардың шекті белгісі көрсетілген Декларацияға сай жүргізіледі. Бұған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелін сараптап барып көз жеткізуге болады. Портфель ай сайын  enpf.kz сайты мен ақпарат көздерінде жарияланады”.

Ресми жауап осындай. Солай десек те, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен “Бузгул Аурум” ЖШС-ның арасында байланыс бар екенін дәлелдейтін нақты дерек бар.

Бұдан бөлек, редакцияның қолында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жағдайы соншалықты мәз емес екенін дәлелдейтін құжат тағы бар.

Таныс болыңыздар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Ұлттық банкке жолданған сауалдар:

365info.kz  редакциясыҰлттық банк пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ресми сауалнама жолдады. Біз жолдаған үшбу хат қаптаған құжаттардың арасында “шаң басып” қалмауы үшін сұрақтарды сайтымызда жариялауды жөн көрдік.

  1. Ағымдағы сәтте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде “Бузгул Аурум” ЖШС-ның құнды қағаздары бар ма?
  2. 2016 жылғы 6-қазаннан қазіргі уақытқа дейінгі аралықта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде  мұндай құнды қағаздар болды ма?
  3.  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе қордың өкілетті уәкілі немесе басқа біреу қордың тапсырмасымен төменде көрсетілген сауда-саттыққа қатысты ма? Ұлттық банк құнды қағаздарды кім сатып алғаны туралы ақпаратты ашып айта ала ма?
  4. Зейнетақы активтері мен инвестициялық табысты бақылауға келгенде, Ұлттық банк пен  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы міндеттердің  қалай бөлінгені туралы түсініктеме бере аласыздар ма?
  5. “Бузгул Аурум” ЖШС-ның құнды қағаздары ҚР Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Ұлттық банкінің қадағалауындағы қандай да бір активтен, атап айтқанда, инвестициялық табыстан, болмаса зейнетақы активтері есебінен сатылып алынды ма?
  6.  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңселерін тінтуге қатысты ақпаратқа не дейсіз?  Айтпақшы, қор басшылығының  бостандықта ешқайда кетпейтіні туралы берген қолхатпен жүргені рас па?
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз