Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтауда сәби сатқандар сазайын тартты

Барлық төрт әйел де ҚР ҚК 135-бабы (Балаларды саудалау) бойынша айыпты деп танылды. Маңғыстау облыстық перзентханасының қызметкері сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол материалдық жағдайы төмен болашақ аналарды баласын сатуға үгіттеген. Сәбиді сату-сатып алу шартын рәсімдеуге көмектескен заңгер жалпы режим колониясына жеті жарым жылға қамалды. Өз сәбиін сатуға бел буған биологиялық анаға бес жыл тағайындалды. Сот жазаны кейінге шегерді, себебі әйелдің тағы да аяғы ауыр. Шарт жасасуда делдал болған әйелді үш жылға қамау туралы үкім шықты.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсіруге болады.

Еске сала кетсек, Ақтау прокуратурасы тамыз айында облыстық перзентханада бала сату фактісі анықталғанын хабарлаған еді. Құқық қорғау органының өкілдері балаға «тапсырыс беріп», екі сәби «сатып алды». Бір бала үшін миллион-бір жарым миллион теңге сұраған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз