Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Ақтөбеде орын алған газ тапшылығына қатысты түсініктеме берілді

Мысалы, «Бағыс» ЖШС-де жаңағы айтқандай техникалық ақаулар болған. Дегенмен жағдай толық бақылауға алынды, — деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ербол Нұрқасымұлы.

Соңғы күндері қаладағы кейбір газ құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газы тек талон арқылы сатыла бастады.

Құзырлы мекеменің бөлім басшысы осыған қатысты қалада мониторинг жүргізгендерін және кейбір газ құю бекеттерінде сұйытылған газдың еш талон талап етпей, еркін түрде сатылып жатқанын анықтағандарын айтады.

– «Ақжар-2 ауданындағы «ҚазақГаз» бекетінде газ отынын кез-келген адам ешқандай талонсыз сатып ала алады, — дейді ол.

Ақтөбе өңірінде сұйытылған мұнай газын екі кәсіпорын өндіреді. Олар: «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол газ өңдеу зауыты. Облыс аумағында барлығы 60 газ құю бекеті жұмыс жасаса, оның 33-і қалада, қалған 27-і аудандарда орналасқан.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз