Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбеде атыс болып, полицейлер қарулы адамды өлтірді

Облыстық ішкі істер департаментіне 33 жастағы ер адамның қарулы шабуыл жасап, заңсыз қару сақтағаны жайлы ақпарат келіп түскен. Ер адам бұған дейін сотты болған екен.

“12-қаңтарда Ақтөбе-Богословка тасжолында Lada Priora маркалы көлік тоқтатылды, оның тізгінінде 33 жастағы азамат болған. Ол көліктен шыққан бетте полиция қызметкеріне қару кезеген, осылайша қарулы қарсылық көрсету арқылы полицейлердің өміріне қауіп төндірген. Осыдан кейін полицейлер табель қаруын қолданды”, – деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Атыстан ер адамға оқ тиіп, оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылған. Алайда ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі бап – “Билік өкіліне қатысты күш қолдану” және “Заңсыз қару сақтау” бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз