Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбе облысының тұрғыны іздеу жарияланған қылмыскерлер ішінен өз суретін көріп, шошып кеткен

166

Today.kz дерегіне сүйенсек, 43 жастағы Самат Қожаниязов Ақтөбе облысы, Мұлғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылының тұрғыны ауылдық мекетпте слесар-сантехник болып жұмыс істеп келген. Ал оның әйелі жергілікті емханада медбике екен.

– Бұл негізсіз ақпарат. Мен әкім мен учаскелік полициямен сөйлестім. Өзім түсініктеме жаздым. Барлығы қазір реттелді. Ол кезде мен үйде болғанмын, біз ас беріп жатқанбыз. Менің жүрегім ауырады. Отағасымын, үш балам бар. Әкімдік өкілі мен жергілікті полция ақпараттың жалған екенін растады.

Менің суретіме жасалған фоторобот сәйкес келіп қалған секілді. Оны қалай жасайды, мен білмеймін. Менің қазір басым ауырып кетті. Мен ауылда тұрамын, Ақтөбеде болмағаныма үш ай болды, – дейді Самат Қожаниязов.

Бүгін ел тұрғындары қаза болған боздақтарды аза тұтып жатыр. Кеше қалада қаза болған бейбіт тұрғындарды ақтық сапарға шығарып салды. Құқық қорғаушылар іздеу жарияланған 6 күдіктіні тапқан адамға сыйақы тағайындалатындығын айтты.

Жалпы, ҚР аумағы бойынша террорлық қауіптің сары деңгейі белгіленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз