Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
7
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Ақша не істетпейді? Алматыда «бай әйелдер» ойнас ұстайды

133

Екеуінің кездесіп жүргеніне бір жыл болыпты. «Жігіті» қала шетіндегі құс фабрикаларының бірінде жұмысшы болып істейді екен. Үшеуіміз кафеге баратын болдық. Жігіті жас, мығым денелі екен. Сәниянің білегінен, қолынан сүйіп, “зайка” деп қояды. Бірақ әлгі жігіттің шартпа-шұрт мінезі байқалып қалды.

Тағы бірде Сәния өзге құрбыларымен жаңа жылды атап өтуге мейрамханаға шақырды. Замандас төрт әйел отырмыз. Біраздан соң Зәмира есімді бір құрдасымыз келді. Соңынан тартымды, келбетті, бойшаң жас жігіт келе жатыр. Бізбен амандасып, Зәмирамен қоштасып, екі сағаттан соң келемін деп жайына кетті. Кейін белгілі болғандай, әлгі жігітіміз Зәмираның «жату үшін» жүретін «любовнигі» екен.

Шынында да, жап-жас жігіттерді «үлкен әйелдердің» құшағына итермелейтін қандай күш?Махаббат па, материалдық құндылықтар ма? Бұл сұрақты Сәниянің нақсүйеріне қойған едім.

Мен оны сүйем

Не үшін сүйесің?

Ол мені өмір сүруге үйретпейді, қателіктерім мен мінезіме төзеді. Өзгертуге тырыспайды. Ал жас қыздардың қоятын талаптары жоғары, әсіресе материалдық жағынан.

Әйел – қырықтан кейін құтыра ма?

Не дейміз? Үлкен әйелдерді “сындыру” оңай. Әрі олар мейірбан, қамқоршыл, тәжірибелі. Жас жігіт өзінің жастығымен қызықтырып, «әйел үшін өзін сыйлықпын» деп ойлайды. Ендеше, «есеп бойынша жұп құру» дегенді, кемелденген әйел+жас жігіт” жұбына қолдануға да болады.

Кемелденген әйелдер жас еркектен не іздейді?

Тек төсек қатынасы екені жасырын емес. Қырықтан асқан әйелдердің көбі өз замандасының “махаббаттағы” мүмкіндігіне көңілі толмайды.

Және жас жігіт ересек әйелдер үшін ынталандыратын күш тәрізді. Яғни, әйел дене бітімін сақтауға талпынып, күтініп, әркез жинақы жүруге тырысады.

Өкініштісі, Сәния сияқты әйелдер үшін жар адалдығы, отбасының беріктігі, шаңырақ берекесі деген ұғымдар аяқ астында тапталып қала беруде. Бөтен еркектің беліне жармасып, одан таяқ жеп, жағымсыз сөз естіп, ойыншық болып жүру махаббат па, нәпсінің жетегі ме?

Зәмира да жігітінің келбеті мен жастығына бауралып, қу нәпсінің құшағынан шыға алмауда.

Біздің қоғамда әйелдің адасуы басталған сияқты.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз