Қазақстанда ақылы жолдан жиналған ақшаның бір бөлігі енді үкіметтің қарызын жабуға жұмсалуы мүмкін. Енді ақылы тас жолдардан түсетін табыс мемлекет бұрын жол салуға алған несиелердің пайызын өтеуге бағытталмақ. Бұл бастаманы Қаржы министрлігі көтерді.
«Қазір билік автомобиль жолдары туралы заңға түзетулер енгізуді қарастырып жатыр. Бұл өзгерістер ақылы жолдардан түскен қаражатты тек сол жол учаскелерін күтіп ұстауға ғана емес, сондай-ақ жолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу үшін мемлекет алған қарыздарды өтеуге де пайдалануға мүмкіндік береді», – дейді жауапты ведомство.
Бұдан бөлек, жүргізушілер төлейтін ақшаны республикалық және халықаралық маңызы бар, бірақ ақылы жүйеге кірмейтін өзге автомобиль жолдарын салуға жұмсау қарастырылып жатыр.