Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы гараж артындағы аумақта 2010 және 2013 жылы туған екі қыз бала батпақты жерге батып, шыға алмай қалған. Қыздардың айтуынша, олар жолды қысқартпақ болып, абайсызда батпақты жерге кіріп кеткен.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағы жедел келіп екі қыз баланы батпақтан аман-есен шығарды. Кейін құтқарушылар балаларды үйлеріне жеткізді.
«Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.