Алматыда ер адам айып тұрағына қойылған көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Анықталғандай, көлік бірнеше өтелмеген әкімшілік айыппұлына байланысты арнайы айып тұрағына қойылған.
«Арада бірнеше сағат өткен соң көлік иесі құжаттарын алып кету үшін айып тұрағына келген. Алайда ол құжаттарын алудың орнына көлікке отырып, айып тұрағынан өз бетінше шығып кеткен», – деп жазылған хабарламада.
Полиция көлікті іздеуге кірісіп, оны Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан тауып, қозғалысы тоқтатылды.