Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
9
USD
442
-3.76
EUR
503
-6.15
RUB
5.19
-0.11

Алматыда 7 жылға дейінгі көліктерге LEZ аумағына кіруге шектеу жоқ

«Алматы паркинг» мәліметінше, техникалық байқаудан өту мерзімі әлі келмеген көліктер экологиялық тексеруден өтуге міндетті емес. Демек жеті жылға толмаған және міндетті техникалық байқау мерзімі жетпеген көліктер LEZ аумағына кіре алады. Ал техникалық байқаудан өту уақыты келген көліктер техникалық жағдайымен қатар, экологиялық нормативтерге сәйкестігі бойынша да тексеріледі.

Қазір төмен шығарындылар аймағы Алматының Бөгенбай батыр және Желтоқсан көшелері, Абай және Достық даңғылдарының арасындағы аумақта белгіленген. Дегенмен жоба әзірге толыққанды шектеу ретінде жұмыс істеп тұрған жоқ.

«Алматы паркинг» мәліметінше, жоба қазір техникалық пилоттық режимде іске асырылып жатыр. Осы кезеңде көліктердің ешбір санатына әкімшілік айыппұл салынбайды. Оған қоса LEZ аумағына кіруге нақты шектеу қойылмайды.

Демек қазір жоба аясында көліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігі тексерілгенімен, талапты бұзған жүргізушілерге айыппұл салу немесе аумаққа кіруге тыйым салу қарастырылмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз