Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
12
USD
446
-2.20
EUR
509
-4.75
RUB
5.3
-0.01

Семейде 19 жастағы қызды көшеде пышақтап өлтіріп кетті

Ал жақын маңдағы қоқыс жәшігінен медициналық қолғаптар мен мата табылған. Оларда да қан іздері болған. Мәліметке сәйкес, бұл заттар жарақат алған қызға алғашқы көмек көрсету кезінде пайдаланылған. Куәгерлердің айтуынша, Водный кентінде жігіт пен қыздың арасында жанжал шыққан. Көршілер айғай-шуды естіген.

«Аулада жүрген едім. Айғай-шу, төбелес болғанын естідім. Қыз айғайлап жатты. Кейін сыртқа шықсам, қыз жерде жатыр, қанға боялған, өңі бозарып кеткен. Оған жүрекке массаж жасап жатты. Жігіттер қасында тұрды. Жылап жатты», – деді тұрғын Ирина Лысак. 

Тұрғындардың айтуынша, жанжал кезінде жігіт пышақ алып, қызға шабуыл жасаған. Кей мәліметтерге сәйкес, күдікті қаза тапқан қыздың бұрынғы жігіті болған. Оқиғадан кейін күдікті қашып кетуге әрекет жасаған. Тіпті қоршаудан асып өткен.

«Кейін бір жігіт жүгіріп келіп, менен көмек сұрады. Сыртқа шықсам, қыз жатыр, пышақ жарақатынан қан-жоса болған. Артынша жедел жәрдем мен полиция келді. Бізді үйімізге қайтарды», – дейді тұрғын Азамат Құжыкенов. 

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері зардап шеккен қыздың өмірін сақтап қала алмады. Оның денесіне қанша пышақ жарақаты салынғаны әзірге айтылмай отыр. Қаза тапқан қыз – жергілікті колледждің үшінші курс студенті. Оқытушылары оның тәрбиелі әрі сабағын жақсы оқығанын айтады. Тіпті оның суреті колледждің Құрмет тақтасына ілінген екен. Қайғылы оқиға болған күні таңертең қыз сабаққа келген.

«Бүгін әкімшілікпен бірге оның үйіне бардық. Ата-анасы Көкпекті ауылынан келген. Қыз туысының үйінде тұрған. Таңертең бәріміз бірге барып, ата-анасына көңіл айттық», – дейді Семей қаласындағы «Қайнар» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айман Смайлова. 

Полиция оқиғаға қатысты әзірге өте қысқа ақпарат берді. Ведомство күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Полиция мәліметінше, марқұм мен күдікті бір-бірін бұрыннан таныған.

«21 қыркүйекте кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қылмыс ізін суытпай ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр», – дейді Семей қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Аққалиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз