Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин атына депутаттық сауал жолдады. Онда ауыл шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері көтерілді.
Депутат өз сауалында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарға тоқталды. Мемлекет басшысы азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділікті азайту мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Үкіметтің стратегиялық міндеті екенін атап өткен болатын.
Оның айтуынша, бұл жағдай ауылдағы тұрмыс деңгейінің төмендігімен, еңбекақының аздығымен және әлеуметтік қолдау шараларының жеткіліксіздігімен тікелей байланысты.
Мәселенің өзектілігі Жоғары аудиторлық палатаның есебінде де көрініс тапқан. Атап айтқанда, зейнетақы жарналары аударылмайтын азаматтардың саны айтарлықтай көп. Бұл еңбек заңнамасының сақталуында кемшіліктер бар екенін көрсетеді.
Депутаттың пікірінше, кадр тапшылығы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, еңбек өнімділігінің артуына және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.
Бүгінде Үкімет 2028 жылға дейін Қазақстанды негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді жоспарлап отыр. Алайда Темір Қырықбаев бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен ауылдағы кадр мәселесін шешу қажет екенін атап өтті.
Осыған байланысты депутат Үкіметке бірқатар ұсыныс енгізді:
Депутаттың айтуынша, бұл шаралар ауыл шаруашылығы саласына мамандар тартуға және оларды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға негіз болады.