Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Еуропаны коронавирустың екінші толқыны жайлады

155

Аурулардың алдын алу және бақылаудың еуропалық орталығы (ECDC) Covid-19 ауруының шекті шегін орта есеппен жеті күнде 100 мыңға 20 жағдай деңгейінде анықтайды. Дүйсенбіде жарияланған орталықтың есебіне сәйкес, барлық Еуропа елінің ішінде тек төрт мемлекеттегі жағдай осы деңгейге сәйкес келеді. Олар

  • Германия (100 000-ға 18,4 жағдай),
  • Финляндия (15,5),
  • Кипр (14,6)
  • Норвегия (13,9)

Жағдай ең қауіпті деп аталған үш ел:

  • Чех Республикасы (167,6),
  • Нидерланды (140,3)?
  • Франция (120,3).

ECDC-тің басқа бір апталық есебіне сәйкес, Еуропада өлім-жітім ұлғаюда, ал 27 елде аурудың тұрақты өсіп келе жатқаны байқалады.
Вирустың күзгі өршуі ЕО елдерінің жаңа әлеуметтік және экономикалық шектеулер енгізуіне әкелді.

Франция

Премьер-министр Жан Кастекс сейсенбіден бастап Париждің көп бөлігі «максималды дайындық» аймағы ретінде жіктелгенін айтты. Яғни, қоғамдық ғимараттардың барлығы жабылады немесе жұмыс уақыты мен тұтынушылардың санына шектеу қойылады.

COVID-19-дың екінші толқыны: дәрігерлер нені ұсынды, министрлік қандай шараларды қабылдады?

Париж мэриясының пресс-релизінде  қала үші қауіпті шектен асып кеткендіктен бұл қажетті шаралар делінген. Олар:

  • аурудың жалпы деңгейі,
  • егде жастағы адамдар арасында сырқаттанушылық деңгейі,
  • Сovid-19 пациенттерінің реанимациялық төсек-орынмен қамтылу деңгейі.

Шектеу 16 қазанға дейін енгізілген. Бірақ денсаулық сақтаудың жаңа шаралары сақталған жағдайда мейрамханалар ашық болады. Спорт залдары толығымен жабылады. 22:00-ден кейін қоғамдық орындарда алкоголь сатуға және тұтынуға тыйым салынады.

Сенбіде елде 24 сағат ішінде 16 972 жаңа Covid-19 оқиғасы тіркелді. Париж Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орелиен Руссоның айтуынша, аймақтағы реанимация төсектерінің 36%-дан астамына Covid-19 жұқтырған науқастар жатқызылған.

Ирландия

Ұлттық төтенше жағдайлар тобы Үкіметке бесінші деңгейдегі шектеулерді енгізуді ұсынды. Бұл ең қатаң шараларды білдіреді.

Карантин шектеулері жеңілдетілгеннен кейін елден көбірек ақша шығарыла бастаған

Шектеулер енгізілген жағдайда, ең қажеттісін қоспағанда, барлық сауда нүктелері жабылады. Қоғамдық жиналыстар да шектеулі, адамдарға үйлерінен 5 шақырымнан алыс қашықтықта  спортпен шұғылдануға тыйым салынады.

Чехия

Екі апта бұрын Чехия Үкіметі коронавирустың таралуы тоқтатылды деп хабарлады. Алайда жексенбіде 1841 жаңа жағдай тіркелді. Нәтижесінде республиканың денсаулық сақтау министрлігі биылғы екінші төтенше жағдайды 30 күн мерзімге енгізді.

Әзірге шектеулер наурыздан мамырға дейінгі төтенше жағдай кезіндегідей қатаң емес.

Жаңа карантин кімдерге тиімді болады? — сарапшы

Елдің ең көп зардап шеккен аудандарындағы орта мектептер кем дегенде екі аптаға жабылады. Барлар мен мейрамханалар 22.00-ге дейін жұмыс істейді және бір үстелде отырғандардың саны 6 адамнан аспауы керек.

Үй-жайдағы іс-шаралар 10 адамға дейін, ал ашық ауада — 20 адамға дейін шектелген. Театрлардың жұмысына да тыйым салынды. Діни қызметтерге ең көбі 100 адам қатыса алады, бірақ хормен ән айтуға тыйым салынады. Барлық мектепте ән айту сабақтарына тыйым салынды.

Германия

Германияда жағдай басқалармен салыстырғанда біршама тұрақты, алайда орталық Берлин қауіпті аймақ ретінде танылады. Қаланың бірнеше ауданында соңғы жеті күнде 100 мың тұрғынға шаққанда 50 жағдай тіркелді. Мұнда көлік, оның ішінде қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілген, азық-түлік дүкендерінен басқа барлық нысан жабық. Аудан тұрғындарына серуендеуден бас тарту ұсынылады. Мүмкіндігінше үйден мүлдем шықпауға тырысу керек.

Исландия

Бұл елде жұқпалы аурулардың саны қыркүйектің ортасынан бастап өсуде. Сондықтан дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні жаңа шектеулер күшіне енді. Олар 19 қазанға дейін әрекет етеді.

Атап айтқанда, спорт залдар, пабтар, клубтар мен казинолар жабық. Кейбір жағдайларды қоспағанда, іс-шараларға ең көп дегенде тек 20 адам қатыса алады. Мәселен «20 адамдық шектеу» жерлеу рәсіміне қатысты емес.

Бастауыш және орта мектептер әлі де қалыпты жұмыс істейді. Колледждер мен университеттерде бір аудиторияда  25 адамнан артық жинауға болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз