Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
7
USD
433
+0.41
EUR
506
-1.77
RUB
5.47
+0.02

Карантин шектеулері жеңілдетілгеннен кейін елден көбірек ақша шығарыла бастаған

corruption,business concept,corruption concept

Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың тамыз айында ААЖ арқылы шетелге 78,3 млрд теңге жіберілген. Бұл шілде айындағы көрсеткіштерден 18,4%-ға (немесе 12,2 млрд) артық және 2019 жылғы тамыз деңгейінен төрттен бір есе жоғары. Мұндай өсім төрт ай қатарынан байқалды. Яғни, төтенше жағдай режимі жойылғаннан кейін қазақстандықтар өткен жазға қарағанда әлдеқайда көбірек ақша жібере бастады.

Жөнелтімдердің айтарлықтай көлемі Ресейге кетеді, мәселен тамыз айында бұл елге 19,5 млрд теңгеден астам қаржы аударылған. 2019 жылдың басынан бері айлық көлемі бір рет қана жоғары болды – 2020 жылғы маусымда ол салыстыру үшін 19,8 млрд.теңгені құрады: 2019 жылғы тамызда Ресейге аударым көлемі 17,6 млрд. теңгені құрады.

COVID-19-дың екінші толқыны: дәрігерлер нені ұсынды, министрлік қандай шараларды қабылдады?

Алайда, соңғы төрт айда үшінші рет қатарынан Қырғызстан көшбасшы болды. Ұлттық банктің мәліметінше, тамыз айында оған шамамен 19,7 млрд теңге кеткен. Бұл рекорд емес (маусым айында 26,4 млрд), бірақ бәрібір тым жоғары. 2019 жылы жөнелтімдердің орташа айлық көлемі 7,3 млрд, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында – 10,6 млрд соманы құрады.

Өзбекстанға да біршама қаражат жөнелтілді.  Бұл елге тамыз айында шамамен 16,1 млрд теңге шығарылды. Түркияға — 12,4 млрд. Екі жағдайда да көрсеткіштер айтарлықтай жоғары. Маусым айында ғана бұдан жоғары болды.

Ресейге жіберілетін қаржы көлемі азайды

Жалпы, 2020 жылдың 8 айында ААЖ арқылы  қазақстандықтар шетелге 459 млрд теңге жіберген. Олардың үштен екісі (307,8 млрд) мамыр – тамыз айларында, яғни қатаң карантиндік шектеулерді алып тастағаннан кейін аударылған. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда жіберілген қаражат көлемі 12,6%-ға немесе 51,4 млрд теңгеге өсті.

Бұл ретте барлық аударымдардың 86% төрт елге тиесілі:

  • Ресей – 127,2 млрд теңге (-5,2%)
  • Қырғызстан – 96,7 млрд (+85,9%)
  • Өзбекстан – 95,2 млрд (+7,7%)
  • Түркия – 74,7 млрд (+35,7%)

Осылайша, Ресей аударым көлемі төмендеген жалғыз ел. Алайда басқа елдерге, бірінші кезекте Қырғызстанға аударылған қаржы бұл құлдыраудың орын толтырады.

Сыртқа шығарылатын қаржы елге әкелінген қаржыдан айтарлықтай жоғары

Шетелге шығарылған қаржы көлемі жоғары, бірақ кері бағыттағы аударымдар төмен деңгейде. Қатарынан 15 ай бойы төмендеуде. Тамыз айында басқа елдерден ААЖ арқылы 24,7 млрд теңге келді – бұл өткен жылдың деңгейінің 84%-ы ғана. Сегіз ай ішінде елге аударылған қаражаттың жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға қысқарып, 178 млрд теңгені құрады.

Екі негізгі елден аударылатын қаржы көлемі біршама азайған:

  • Ресейден –  45,9% – ға (50,1 млрд теңгеге дейін)
  • Корея – 22% – ға (34,3 млрд теңгеге дейін)

Төмендеу үрдісі бірінеше ай қатынан байқалады. Ресей жағдайында ол 2019 мамырында, Кореямен – осы жылдың қыркүйегінде басталды. Келесі айларда аударымдардың көлемі бір жыл бұрынғыға қарағанда төмен болды. Карантин де ықпал етті: бұл елдер қазақстандық гастарбайтерлер арасында танымал, алайда коронавирустың кесірінен оларға кіру қиындап кетті. Ондағы жұмыс орындарының саны да төмендеді.

Осылайша, 8 айдың қорытындысы бойынша ААЖ арқылы Қазақстаннан 281 млрд теңге шығарылған. Яғни, шетелден алынған әрбір теңгеге шетелге жіберілген 2,58 теңге келеді. 2019 жылдың қаңтар-тамызында айырмашылық әлдеқайда аз болды – 1,75 есе.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз