Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Жаңа карантин кімдерге тиімді болады? — сарапшы

326

Саясаттанушы Замир Қаражанов кімге пайдалы болуы мүмкін екенін болжап көруге тырысты.

Саясаттанушылар мен фармацевтер пайда көрді ме?

— Сонымен, пандемия мен карантиннің кімге пайдасы бар?

— Егер қаржылық мүдделер туралы айтатын болсақ, медициналық және фармакологиялық компаниялар пайда көрді. Ауру өршіп, олардың кірісі еселене түсті.

Кейбіреулер тіпті қосымша саяси капитал да алған шығар. Карантин кезінде

балама нұсқаларды ұсынған әрбір саясаткер халықтан ұпай жинағандай көрінді

Яғни, саясаткер немесе партия саяси аренадағы позициясын нығайту үшін қоғамдағы көңіл-күйді қолдана алды. Қолдаушыларының санын арттырып, келесі сайлауда жағдайды пайдалануы әбден мүмкін.

Бірақ бірдеңені сынға алсаңыз, оның орнына міндетті түрде өз нұсқаңызды ұсынуыңыз керек екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан саясат нені ұсынды деген мәселе туындайды?

— Жарайды, бұлар жергілікті саясаткерлер мен медициналық компаниялар. Ал жаһандық деңгейде кім пайда көрді?

— Пандемияның өзін геосаяси күреске қолдануы мүмкін. Мысалы, Дональд Трамп Қытайды коронавирустың таралуына кінәлап, оны тағы бір рет қысым жасауға тырысты. Бірақ мұның бәрі  жағдайдан  пайда көріп қалудың амалы. Шын мәнінде

карантиннің зиянынан пайдасы көбірек болған біреуді табу қиын

Мұның бәрі тек конспирологиялық теориялар

— Америка Қытайға одан ары да қысым көрсетуі мүмкін, бірақ бұдан көбі зардап шегеді. ХВҚ, Дүниежүзілік Банктің есебінде сауда соғысы әлемдік экономикаға ауыр соққы  болғаны айтылады. Пандемия мен карантиннен одан да көп зиян келді.

Экономикада құрылыстан авиацияға дейінгі барлық сала зардап шегеді. Мен   пандемия басталып, карантин кезінде жағдайы жақсарған   бір де бір компанияны  білмеймін.

— Дегенмен, кейде карантиндік шаралар қажет емес, оны біреулер өз мақсаты үшін енгізді деген мәлімдемелерді естіп жатамыз. Біреулер бұдан пайда тауып отыр деп болжайды. Кейбіреулер коронавирустың өзі ерекше қауіп төндірмейді деп одан арғысын айтты. Әділдік үшін айтар болсақ, бұл шын мәнінде қажетті қадам болды деген пікірлер де жиі кездеседі. Тек  көреген адамдар оны қалай пайдалануға болатынын  түсінді. 

— Оны жасанды түрде, яғни қажеттіліксіз енгізді деп ойламаймын. Тіпті өзіміздің қазақстандық статистика да

карантиннің экономикаға теріс әсер еткенін көрсетті

Бұл кімге пайдалы болуы мүмкін? Пандемия басталып, түрлі шара енгізілгенде, оның бәріне әсер ететіні белгілі болды. Мен шаралар орында болды деп есептеймін.

— Яғни, аталған барлық мәлімдемелер жай ғана конспирологиялық теориялар ма?

— Шектеу шаралары болмағанда аурудың таралуымен күресу өте қиын болар еді. Жағдайдың өзі осындай шараларды қажет етті. Айта кетер болсақ, бұдан ары қандай жағдай болары да белгісіз: ауру кете ме, жоқ па, әлде көптеген жыл бойы қала ма? Олай болса қалай өмір сүріп, жұмыс істейміз?

Бірақ жақында Рим Папасы карантин планетадағы экологияны жақсартты, адамдардың тұтынушылық қабілеті төмендеді деп мәлімдеді. Енді алдағы өмірімізді қоршаған ортаға азырақ зиян тигізетіндей жоспарлауымыз керек шығар. Біз қоршаған ортаның ластануымен, зиянды шығарындылармен, қоқыстармен қанша жыл бойы күресіп келеміз, бірақ ештеңе мұндай оң нәтиже бермеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз