Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін миллиондаған адам қайтыс болуы керек – сарапшылар

248
Сурет: euronews.com

Өлім-жітімнің деңгейінің жоғары екеніне қарамастан, Швеция үкіметі COVID-19-ға қарсы карантинсіз күрес саясатын жалғастыруда. Оның негізінде ұжымдық иммунитетті алып отыр. Яғни, ақыр соңында азаматтардың басым көпшілігінде антиденелер қалыптасып, пандемия өздігінен жойылады. Сондықтан экономикаға шектеулермен зиян келтірудің мәні жоқ деп есептейді. Шілде айының соңында инфекциялық аурулар бойынша 20-ға жуық Швед сарапшылары осындай саясатты сынға алды:

Швецияның стратегиясы өлімге, қайғы мен азапқа әкелді

Сонымен қатар, карантин енгізілмесе ел экономикасы қатаң карантин қолданылған басқа елдерге қарағанда жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне кепілдік жоқ. Қазіргі уақытта біз әлемнің өзге елдеріне өлімге әкелетін жұқпалы аурумен қалай күресуге болмайтынын көрсеттік».

Экономика қанша адамның өлімімен бағаланады?

Швед үкіметі өз саясатының экономикалық тұрғыдан пайдалы болғанынының дәлелдерін сәрсенбі күні ұсынуға ниетті. Бірнеше талдау агенттіктерінің алдын ала болжамдары бойынша ЖІӨ шамамен 7%-ға қысқарады.

Capital Economics сарапшысы Дэвид Окслидің айтуынша, бұл бір жағынан Солтүстік Еуропаның алпауыт экономикасы үшін бұрын-соңды болмаған құлдырау. Дегенмен, жағдай АҚШ пен Еуропалық Одақтың көптеген елдеріне қарағанда әлдеқайда жақсы.

«Швеция экономикасы жеңіл бұғатталғанына қарамастан, зиян шеккен салалар аз болған жоқ. Бірақ біз екінші тоқсандағы ЖІӨ-нің тоқсандық төмендеуі Еуроаймақта байқалғандардың үштен бірін құрады деп есептейміз — деді Дэвид Оксли.

«Вирустық стратегияның ұзақ мерзімді перспективада экономикаға қалай әсер ететінін білмейміз», — деді шведтік Nordea экономисті Торбьерн Исакссо  түсініктемелерінде. — Біздің скандинавиялық көршілеріміз қатаң бұғаттау саясатын қолданды, бірақ олар тез арада шектеу шараларын алып тастап экономикалық процестерді қалыпқа келтіруі мүмкін».

Өз кезегінде,

қоғамдық денсаулық сақтау сарапшыларын «Сонша адам өмірі ЖІӨ-нің бірнеше пайызы тұр ма?» деген сұрақ мазалайды

Ковидпен күрестің шведтік нұсқасының салдарынан ел өлім-жітімнің көрсеткіштері бойынша алдыңғы орындарға шықты, 100 мың адамға шаққанда 56,4 мыңы қайтыс болды.

Ел экономикасы көрші Дания мен Норвегияға қарағанда жақсырақ қалпына келе ме, жоқ па, әзірге нақты айту мүмкін емес. Бұл мемлекеттер бастапқыда қатаң шектеулер енгізгендіктен, қазір өлім деңгейі төмен.

Антиденелер кепілдік бола алмайды

Weill Cornell medicine Микробиология және иммунология профессоры Джон Мур қазіргі пандемия кезінде ұжымдық иммунитетке үміт артудың қажеті шамалы деп есептейді.

«Ұжымдық иммунитет» — бұл төзімділікке құрмет. Ғылымда «табын иммунитеті» деген сөз қолданылады, ол жануарларға қатысты. Патогеннің  таралуына мүмкіндік беріп, табынды аурудан қорғауға болады. Кейбір жануарлар өлгенімен, тірі қалғандар инфекцияға төзімді болады.

Табынға вакцина салса, құрбандар азырақ болады. Бірақ кез келген жағдайда, табынның иммунитетін қалыптастыру аурудың жұқпалылық дәрежесіне байланысты, – деді Джон Мур Fortune-ге берген сұхбатында.

 

Түркіменстанда үйдің ішінде де маска киюге және қабірлерді көрінбейтіндей көмуге мәжбүрлеуде — БАҚ-қа шолу

SARS-CoV-2-ге жасалған модельдеу ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін адамдардың 65-70% вирус жұқтыруы керек екенін көрсетеді. Бұл ретте ковидтің ауырлығын ескере отырып, өлім-жітім ауырғандар санының 0,5-тен 3%-ын құрайды.

Басқа сөзбен айтқанда,

18 миллион халқы бар елдің 12 миллион адамы ауырған кезде вирус жұқтырғандардың саны бірен-саран болады. Бірақ ол үшін кем дегенде 60 мың адам құрбан болуы керек

MSNBC ғылыми қызметкері Лори Гаррет Wall Street Journal-ына берген түсініктемелерінде бүгінде «ұжымдық иммунитет» туралы айту  өз халқына қарсы қылмыс жасаумен бірдей екенін атап өтті.

«Антиденелер қорғаныс иммунитетін қалыптастыратына кепілдік берме алмаймыз. Анықталған антиденелер вирусқа қарсы тұру үшін жеткілікті күшті болмауы мүмкін. Бұл парадоксалды болып көрінеді, бірақ

жағдайы ауыр науқастарда, соның ішінде қайтыс болған адамдардың ағзаларындағы антиденелері күштірек болады

Симптомсыз немесе  инфекция жеңіл түрде өткен адамдарда әдетте әлсіз реакция дамиды», — деді ол.

Иммунитет туралы әңгімелердің еш мағынасы жоқ

Гарреттің айтуынша, тез арада емделіп шыққан адамның ағзасында «вирусты жеңетін» күшті антиденелер қалыптасады деген пікір қате.

«Антиденелер қайта жұқтырудан қорғай ма, жоқ па, әлі күнге дейін белгісіз. COVID-19-дан емделіп шыққан және вирусқа теріс нәтиже берген адамдардың бірнеше аптадан кейін вирусты қайтадан жұқтырып, ауырып қалғаны туралы түрлі хабарламалар тарауда. Бұндай жағдайлар сирек кездеседі, бірақ олардың жаппай қайта ауырмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды», — деді Гаррет.

Сарапшылардың айтуынша,

негізгі мәселе  — антиденелер ағзада қанша уақытқа дейін сақталып қалады, яғни SARS-CoV-2 иммунитеті қанша уақытқа созылады?

«Біз әлі де осы пандемияны зерттеудің бастапқы сатысында тұрмыз, — деді Мур. — Адамдардың иммундық реакциясына үш айдан артық бақылау жүргізген бірде-бір зерттеу жоқ. Нәтижелері аралас. Нью-Йоркте жергілікті зерттеушілер адамдарда үш айдан кейін де вирусқа қарсы иммунитет сақталады деген болжам айтты.

Бірақ лондондық зерттеу  осы уақыт ішінде емделіп шыққандардың инфекцияға қарсы иммунитеті айтарлықтай төмендейтінін көрсетті. Сондай-ақ қытайлық зерттеу симптомсыз жұқтырғандардың 40%-ында және жеңіл және орташа жағдайда ауырғандардың 12,9%-ында антиденелер әлсіз жауап бергенін көрсетті».

Мұндай тұжырымдарға таңқалмау керек дейді ғалым. Жалпы ЖРВИ тудыратын коронавирусқа қарсы иммунитет шамамен бір жылдан кейін төмендейді, сондықтан адамдар қайтадан ауырып қалуы мүмкін. Және

ешкім суық тиюге қарсы ұжымдық иммунитет туралы айтпайды. Себебі оны қалыптастыру мүмкін емес

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз