Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Түркіменстанда үйдің ішінде де маска киюге және қабірлерді көрінбейтіндей көмуге мәжбүрлеуде — БАҚ-қа шолу

498
Сурет: Lian Zhen / Keystone Press Agency

Вирустан қайтыс болғандар саны күрт артқандықтан Түрікменстан билігі жерлеуге жаңа талаптар қоя бастады. Азатлык-тың хабарлауынша, енді

қабір көрінбейтін етіп көму керек. Қабірлер көрінбейтін, тегіс және тану белгілерінсіз болуы тиіс

Атап айтқанда,  Лебап уәлаятындағы билік  осындай талап қойды.

— Қазір зираттардағы қабірлер 2019 жылмен салыстырғанда 15 есе көп. Енді адамдардан қабірлер тегіс және спутниктен көрінбейтіндей етіп жерлеуді талап етуде. Құлпытастар немесе басқа да тану белгілерін қоюға тыйым салынады. Жерлеуге баруға болмайды, — деп жазады портал.

Сондай-ақ, соңғы аптада ел билігі

коронавирустың бар екенін мойындамаса да, қашықтықты сақтауды талап етуде

— Базарларда еденге 2 метр қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескерту белгі жасалды, сатушылар бетперде мен қолғап киген, кіреберістерде температураны өлшейді, келушілер дезинфекциялық сұйықтық құйылған үлкен синтетикалық кілемшелерді басып өтеді. Әр-әр жерде маска кию,  қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы хабарландырулар ілулі тұр, — деді астаналық журналист шілде айының соңында.

Облыстарда жаңа оқу жылының басында мектептегі сабақтарын тоқтату жоспарланып отыр. Мектептер онлайн сабақтарға дайындықты бастады.

Жұмыс көп, ынталандыру жоқ

Астаналық дәрігерлер COVID-19 жұқтырған науқастар жатқызылған карантин аймағына екі апталық жұмысқа бармаудың жолын іздеуде.

Дәрігерлердің айтуынша,

карантин аймақтарындағы жұмыс ауыр және қауіпті. Сонымен қатар, ешқандай кепілдік немесе қаржылық өтемақы қарастырылмаған

— Әлеуметтік төлемдер, үстеме ақы, іссапар шығындары атымен жоқ. Инфекция болған жағдайда өтемақы да берілмейді. Денсаулық сақтау министрлігі ешқандай ынталандыру шараларын қабылдамайды, — деді дәрігерлердің бірі.

Орталық Азиядағы коронавирус: көршілеріміз қалай күресуде?

Бас тартқан дәрігерлерді жұмыстан шығарамыз, сосын денсаулық сақтау саласында мүлдем жұмыс істей алмай қаласыңдар деп қорқытуда.

Карантин аймағы бұрын түрік фирмасына тиесілі Ашхабадтағы ғимараттарының бірінде орналасқан. Карантин шамамен мың адамға арналған. Бұл аймақта жұмыс істеуге жағдай жасалмаған. Тыныс алу проблемалары бар науқастарды қолдау үшін дәрі-дәрмектер мен жабдықтар жеткіліксіз.

Тіпті үйдің ішінде де маска кию керек

Марый велаятында жергілікті тұрғындар медициналық мекемелерге медициналық көмекке жүгінуден қорқады және үйде емделуді жөн көреді.

Алайда ондай науқас туралы белгілі болса, ол күшпен алып кетеді

— Велаятта жедел жәрдем қызметкерлері жетіспейді, олар мүлдем үлгермеуде. Қайтыс болғандар көп, олардың арасында жастар да бар. Барлық жұқпалы ауруларға арналған емдеу мекемелері жабық, науқастарды қабылдамайды. Кейбір этрап ауруханалары перзентханалар мен терапевтік бөлімдерді жабуда. Онда ендігі жерде коронавируспен ауыратын науқастарды емдейді. Дәрігерлер дәрі-дәрмектер мүлдем жоқ екенін айтып шағымдануда, — деп жазады портал.

Сол велаятта 1 тамыздан бастап тұрғындарды үйінде де бетперде киюге міндеттеді. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды. Үйде бетпердесіз жүргендерді қалай тексеретіні әзірге белгісіз.

Лебап уәлаятында ауруханалар көп. Аудандық дәрігерлер үйді аралап, вирусқа қарсы препараттар таратады. Алайда дәрі-дәрмектер тапшы.

Көптеген медицина қызметкері жұмыс істеуден бас тартып, жұмыстан шығарылады.

Мемлекеттік мекемелер карантинге жабылды, ал басшылық пен қызметкерлер коронавирусқа тест тапсырады.

Пара алушылар көбейді

Ашхабад қаласының маңындағы Чоганлы ауылындағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусқа байланысты пневмониямен ауыратын науқастардың туыстарынан күніне өкпені жасанды желдету аппаратына қосу үшін 1 400 Манат (56 доллар) талап етуде, деп хабарлайды Turkmen.news.

Бұл орташа айлық жалақыдан жоғары

Пациенттердің туыстарынан бірден 10 күнге төлем жасауды талап етуде. Тыныс алу аппаратына қосқаны үшін алынған параның жалпы сомасы 14 мың манатқа ($560) дейін жетеді .

Ақшасы жоқ жағдайы ауыр науқастар қайтыс болуда өйткені барлығына оттегі жетіспейді. Өзі аз құрылғылар үшін нағыз аукцион өтуде: кімнің ақшасы көп болса, сол оттегімен дем алуға мүмкіндік алады.

Мамыр-маусым айларында, яғни Түркіменстанда коронавирустық індеттің жоққа шығарған уақыттарда

ӨЖЖ аппараттары іс жүзінде бос тұрған еді, бірақ қазір олардың құны алтынның бағасымен бірдей

— Маусымның ортасында Чоганлы ауруханасындағы барлық палаталарда бос орын болмаған кезде дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің тапшылығы байқалды, ауқатты пациенттердің туыстары  қажетті құралдар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін дәрігерлерге кез келген қажетті соманы берді, жақындарына ерекше күтім мен көңіл бөлген медбикелерге де «алғысын» білдірді, — деді емделіп шыққан бір тұрғын журналистерге.

Шілде айының басында желдету жүйесін пайдалану үшін қойылған  «ставка» күніне шамамен 1000 Манат ($40) болды

Қазір ол бір жарым есеге өсті

— Тексерушілер жоқ, ешкім ешкімді бақыламайды, прокуратура, полиция, ХПА сияқты органдардың қызметкерлерінің тексеру жүргізетін уақыты жоқ: барлығы өз денсаулығы мен жақындарының әл-ауқатына алаңдайды. Олар алғашқылардың бірі болып дәрігерлерге ақша беріп, медициналық қызметтерді сатып алады, —дейді портал.

Той тойлағаны үшін айыппұл салынады

turkmen.news порталының хабарлауынша, жедел жәрдем бригадалары оттегіге мұқтаж науқастарға баллондарсыз баруға мәжбүр. Науқас адам тұншығып жатыр, бірақ дәрігерлер оны ауруханаға жеткізуден басқа ештеңе көмектесе алмайды.

Ел ішіндегі бақылаушылар адамдардың жаппай ауру жұқтырғаны  туралы хабарлауда. Кейбіреулерінде аурудың белгілері байқалмайды, басқалары жолы болып пневмониядан да емделіп шығуда. Ал дәріханалардың алдында бойын үрей билеп, дүрліккен халық ұзын-сонар кезекте тұр. Адамдар бір-бірінен коронавирустың белгілерін жоюға көмектесетін және аурудың ауыр кезеңге өтуіне жол бермейтін дәрі-дәрмектер туралы сұрастырып біліп,

кез-келген вирусқа қарсы препараттарды сатып алуда

Елде құрбандық шалу және қонақтарды мерекеге шақырғандарға айыппұл салына бастады. Тіпті 3-4 адамды шақыруға да болмайды.  2020 жылы тұрғындар Құрбан байрамды үйлерінен шықпай, қонақтарды шақырмай және қоғамдық орындарға бармай тойлауы керек.

Түркіменстанның мобильді операторы 30 Шілдеде Денсаулық сақтау министрлігінен «Құрбан айт күндері жаппай іс-шараларды шектеп, әр отбасына бұл күнді өз үйінде атап өту керек» деген ұсыныспен СМС хабарлама жіберді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз