Біреулері миллиондаған кредит беруді сұраса, екіншілерлі әзірше үнсіз қалуда.
Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері вирусқа қарсы күрес жұмыстарын басқаруда
Наурыздың екінші жартысынан бастап, Ашхабадқа тек қала тұрғындары мен қала мағындағы елді мекен халқын кіргізеді. Кіре беріс және шығар жолда дене қызуын өлшейді. Барлығын бірдей емес, тек кейбірін ғана. темперетурасы жоғары адамдарды карантинге жатқызады.
Мектеп оқушылары демалыста, дегенмен балабақшалар жұмыс істеп тұр.
Көптеген аудандарда бетперде тағуға тыйым салынған
Дәріханаларда маска жоқ, астана мен көптеген аймақ тұрғындары маскасыз жүр.
Дегенмен,
ғимараттардың ішінде адыраспан түтіндету – коронавируқа қарсы кең таралған шаралардың бірі
Бердымухамедов коронавируспен дәстүрлі жолмен күресу туралы ұсыныс жасағаннан кейін
кептірілген адыраспанның бағасы бір жарым аптаның ішінде бірнеше есеге қымбаттап кетті
Сонымен қатар азық-түлік өнімдері мен гигиеналық құралдардың бағасы да көтерілуде. Аймақтарда азық түліктің, соның ішінде ұн, май мен жұмыртқаның тапшылығы сезіледі.
Түркіменстан коронавирустың жоқтығы туралы мәлімдеген әлемдегі санаулы елдердің бірі. 5 наурызда Сыртқы істер министрлігі ауру жұқтыру жағдайларының тіркелмегені туралы мәлімдеді. Содан бері елде COVID-19 жағдайы бойынша ел басшылығының ресми мәлімдемелері болған жоқ.
Өзбекстанда Шавкат Мирзиёев 26 наурызда арнайы қаулыға қол қойды, бұл құжат бойынша
жекеменшік клиникалар 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тендерге қатыспай-ақ коронавируспен ауырған адамдарға қызмет көрсете алады
Озодлик порталы бұрын мұндай тәжірибе халықаралық деңгейде қолданылмағанын айтады.
Қаржы министрлігі жанындағы дағдарысқа қарсы қор қаражат бөледі.
– Бұл қаулыны асығыс қабылдауға
25 наурызда Ташкент қаласындағы хокимият ғимаратында төтенше карантин енгізілуі себеп болды
Сондай-ақ, хоким Джахонгир Артыкходжаев өзінің Жеке клиникасынан Медициналық құрал-жабдықтарды, кереуеттер мен жеке гигиена құралдарын жеткізуді тапсырды. Сонымен қатар, ғимаратқа 15 медицина қызметкері, яғни дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар жеткізілді. Арнайы қаулы Президентке жақын жүретін Артыкходжаевтың осы іс-шараларын заңдастыруға мүмкіндік беру үшін шығарылды, –деді өзбек Үкіметіне жақын шенеунік.
Коронавирус пандемиясы жаһандық саясатқа үлкен өзгерістер енгізеді
Алайда кем дегенде екі қызметкер карантиннің алдында бірнеше рет аудандық әкімшіліктерде өткен түрлі кеңестерге қатысты.
Кейбір өзбек шенеуніктерінің айтуынша, соңғы уақытта Артыкходжаев жұмыс орнына келіп жүрген жоқ.
– Президент өткізген бейнеселекторлық кеңеске Артықходжаев Мирзо-Ұлықбек ауданының хокимият студиясында болып, қашықтықтан қатысты. Ол бетперде отырды. Бірақ бейнеселекторлық кеңес барысында ештеңе айтқан жоқ. Бұнда бір айтылмаған сыр бар екені анық. Оны теледидар арқылы да көрсетпейтін болды, – деді Ташкент шенеуніктерінің бірі.
Алайда, 27 наурызда елдегі коронавирус жағдайы туралы хабарлайтын Koronavirus Info Telegram-каналы Ташкент әкімшілігі қызметкерлерінің арасында вирус жұқтырған адамдар туралы қауесетті жоққа шығарды.
Ресми хабарламада «халық арасында негізсіз үрейді тарату қылмыстық жауапкершілік жүктейді» делінген. Алайда, Озодлик
бірнеше өзбек шенеуніктері мен кәсіпкерлері ауру жұқтырғандардың бар екенін растаған
— 25 наурызда Ташкент қаласы әкімшілігінің бас кеңсесінің 160-қа жуық қызметкері сонда жұмыс істейтін екі адамнан жаңа коронавирус инфекциясы анықталғаннан кейін толық карантинге жабылды, – деп мәлімдеді Ташкент қаласының тұрғыны.
Ол өзінің туысы астаналық әкімшілікте жұмыс істейтінін және қазіргі уақытта жұмыс орнында оқшауланғанын айтқан.
Журналистердің әкімшілік ғимаратқа кіріп, тексеруге мүмкіндігі жоқ. Қазір оны әскери қызметшілер күзетуде.
25 наурыз күні әкімшіліктің баспасөз қызметі өзінің Telegram-каналында ғимаратты зарарсыздандырып жатқан сәттің суретін жүктеп, бұл
«коронавирустың әкелінуі мен таралуының алдын алу үшін жасалған оқу-жаттығу»
деп түсіндірлді.
— Хокимият ғимараты толығымен дезинфекцияланды, хокимият қатаң карантин жағдайындағы жұмыс режиміне ауыстырылды, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алайда бұл ғимарат неге «қатаң карантинге» ауыстырылғанын, ал қалған мемлекеттік мекемелер әдеттегі режимде жұмыс істейтіні туралы ешнәрсе айтылмады.
– 20 наурызда коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы туризм басқармасында жұмыс істеген жігіттен табылды. Бұдан 10 күн бұрын ол Италиялық инвесторларымен кездескен. Екінші жағдай 25 наурызда қала әкімшілігінің күзетшісінен табылды және
оның ішінде қалған 160 қызметкерлерімен бірге ғимарат толық карантинге жабды
Сол күні коронавирусты анықтау үшін барлық қызметкердің тамағынан жағынды алынды. 26 наурызда елордалық әкімшілік ғимаратына жедел жәрдем көлігі келіп, бірнеше қызметкерді алып кетті.
Оладан коронавирус инфекциясы анықталған сияқты. Қазір ғимаратты Ұлттық гвардия сарбаздары қатаң күзетіп тұр, – деп хабарлады туысы астаналық әкімшілікте карантинде жатқан Ташкенттік сұхбат беруші.
Тағы бір әңгімелесуші әкімшілік қызметкерлерінің бар жағдайы жасалған, олар сән-салтанатты карантинде жатыр дейді.
– Қала әкімшілігі ғимаратының ішінде карантин ең жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтуға болады. Бұл ғимаратта Джахонгир Артыкходжаевтың жеке кеңсесі орналасқан. Ғимаратта бірнеше душ бөлмесі, жатын бөлмелер, медициналық процедураларға арналған бөлмелер, мейрамхана және сауна бар. Қазір Өзбекстанда мұндай карантиндік жағдай жоқ, – деді ол.
Оның айтуынша, карантиндегі
астаналық әкімшілік қызметкерлері телефон арқылы туған-туыстарымен хабарласа алады, бірақ журналистермен байланысқа шықпайды
– Себебі барлығынан астаналық әкімшілік ғимаратындағы карантин туралы ақпарат таратпау туралы қолхат алынған, – деп толықтырды сұхбат беруші.
26 наурызда бейнеселекторлық кеңес кезінде Мирзияев коронавирусқа қарсы күреске қатысатын медициналық қызметкерлердің жалақысына ай сайын үстемеақы төлейтінін хабарлады. Жеке қаулыға Мемлекет басшысы сол уақытта қол қойды.
— Карантин кезеңінде коронавирус жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған дәрігерлерге, эпидемиологтарға ай сайын 25 млн сом, медбикелер мен лаборанттарға – 15 млн сом, санитарлық қызметкерлерге – 10 млн сом, өзге қызметкерлерге – 5 млн сом мөлшерінде ынталандыру төлемдері төленеді. Сонымен қатар, коронавирусты жұқтырған медицина қызметкерлеріне инфекция жұқтырғандармен жұмыс істеу кезінде жеке 100 млн сом төленеді, — деді ол.
(1 UZS = 0,05 KZT)
29 наурыз күні Өзбекстандағы коронавирус жұқтырғандардың саны 11 адамға артып, 144-ке жетті, деп хабарлайды Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ресми мәліметтер бойынша, емделуде жатқан 19 емделушіде пневмония белгілері бар, дәрігерлер төрт емделушінің жағдайын ауыр, тағы екеуінің жағдайын салыстырмалы түрде ауыр деп бағалады. 27 және 28 наурызда екі адам қаза болды.
Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелмегенін айтады. 1 ақпан мен 27 наурыз аралығында Тәжікстанға шетелден келген 6 мыңға жуық адам карантинге орналастырылды.
Тәжікстан коронавирусқа байланысты Төтенше жағдайларға жауап қату бағдарламасын әзірледі. Оны жүзеге асыру үшін билік халықаралық қаржы институттарының көмегін сұрады. Бағдарламаны іске асыру үшін алынатын несие сомасының көлемі қандай болатыны айтылмады.
Ал қуғынға ұшыраған тәжік оппозициясы президент Эмомали Рахмонның басшылығымен коронавирусқа қарсы күрес бойынша жедел дағдарысқа қарсы штаб құруды ұсынды.
Оппозиционерлер шағын және орта бизнеске салынатын салық жүктемесін азайтуды және бірнеше жеңілдіктер қатарын қабылдауға кеңес берді. Сондай-ақ
қылмыс бойынша тағылған айыптарына қарамастан, 60 жастан асқан барлық адамды түрмеден босатуды ұсынды.
Кейбіреулер билікті Наурыз мерекесін тойлауға арналған іс-шараларды алып тастамағаны үшін айыптады. Мереке күндері елорда мен ірі қалалардың саябақтары адамдарға толы болды.
Тәжік сарапшысы Парвиз Муллоджанов жоғары оқу орындары мен мектептерді жабу керек деп есептейді.
— Қазір Душанбеде күн сайын қаланың бір жағынан екінші жағына барып-келіп оқитын ондаған мың студент сабаққа қатысып, бір-бірімен және оқытушылармен қарым-қатынас жасайды. Бұл вирустың таралуына жағдай жасайды. Тіпті оқушылар мен оқушылардың көпшілігі өздері ауырмаған немесе ауруды оңай жұқтырмаған болса да, олар вирустың тасымалдаушысы бола алады және өздерінің жақындарына қауіп төндіріп, жұқтыруы мүмкін, деп ескетті сарапшы.
Дегенмен тәжік билігі әзірше ЖОО мен мектептерді жабуға еш себеп жоқ деп есептейді.
25 наурыздан бастап Бішкекте және тағы да бірнеше аудандарда төтенше жағдай орын алды. Бұл туралы комендант Алмазбек Орозалиев хабарлады. Азаматтар үйден шықпай-ақ рұқсаттама ала алады.
Ал бұған дейін бішкектіктер (мысалы, азық-түлікті тасымалдаумен айналысатын) күн сайын рұқсатнама алу үшін кезекте тұратын еді.Олар бұл туралы бірнеше рет әлеуметтік желілерде де жазған болатын.
Қырғызстандағы карантин: біз қолданбаған шараларды қолдануда
30 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 10 адамның жұқтырғаны анықталды. Барлығы Жалал-Абад облысында тіркелген.
30 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі инфекционист, пульмонолог, анестезиолог-реаниматологтардан жасақтаған медициналық бригада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты елдің оңтүстігіне жол тартты. Олар бір айға жуық уақыт бойы осы өңірде болады.
Денсаулық министрі Космосбек Чолпонбаев медициналық бригадамен кездесу барысында
Джалал-Абад облысында коронавирус инфекциясынан алғаш болып айыққан адамдар туралы айтты
Ол емделушілердің жақын арада емханалардан шығарылатынын айтып, кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді.
30 наурызда Қырғызстанда коронавирус 94 адамнан расталды. Оның 33-і Ош облысында, 49-ы Жалалабадта, 8-і Бішкекте, 1-і Баткен облысында, 2-і Шу және 1-і Нарын облысында.