Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Коронавирус пандемиясы жаһандық саясатқа үлкен өзгерістер енгізеді

487
Сурет: lenta.ru

Пандемиядан қорғану үшін қазіргі уақытта жасалып жатқан шаралар  шаруашылық байланыстарды бұзуда. Бұндай қайта бөлісу бұрыннан қажет еді. Сарапшының пікірінше, бұның жағымсыз салдары болатыны анық, бірақ болшақта жағдай реттеледі.

Коронавирустың салдары қандай болмақ?

— Петр Владимирович, коронавирустың айналасындағы үрей не себептен пайда болды? Біреулер одан пайда тапқысы келетін шығар?

— Бір полярлы жаһандық әлемді макроаймақтарға қайта бөлу ойынының келесі бір кезеңі басталды. Бұл қайта бөлісуді үлкен пәтердегі жөндеу жұмыстарымен, қайта салумен немесе үлкен отбасының бірнеше шағын отбасыларға бөлінуімен салыстыруға болады.

Бұндай бөлісу болашақта әрқайсысына пайда әкелгенмен, бастапқыда олардың шығынға ұшырап, өмір сапасының нашарлайтыны анық

Кейбіреулер пандемияға «екпе» секілді қарап, ол болашақтағы үлкен аурудан қорғайды дейді. Алайда бұл аурудың қалай да  басымызға төнетіні анық, біз бұл жағдайда жай ғана өз мүмкіндігіміз бен күшімізді қаншалықты екенін сынай аламыз. Бұл екпенің пайдасы осы.

Бейнелі сипаттаудан нақты мәселеге көшейік. Бұл әлемдік дағдарыс 1929 жылғы капиталистік елдердің барлығын дерлік қамтыған Ұлы дағдарысқа қатты ұқсайды.  Ол әлдекімнің зауыттарды бомбалап, жұмысшыларды атқанынан емес, банк жүйесінің, яғни экономиканы қаржыландыру жүйесінің тарауынан басталды. Нәтижесінде АҚШ қана емес, Еуропаның жартысына жуығы  көпжылдық ауыр дағдарысқа тап болды.

Қазір осыған ұқсас жағдай болады. Былайша айтқанда, коронавирус пандемиясы — болашаққа дайындық жасау. Медициналық себебі мың мәрте еселенген,

аурумен күресу барысында әлемдік шаруашылық байланыстар бұзылуда

Мәселен, туристік сала толығымен бұғатталды.

Қазіргі мәселе: бұндай бөлініс кімге пайда әкеледі? Көпполярлы әлемдегі жаңа метрополия (басқа елдерді өздері басып алып, отарлап билеуші, қанаушы мемлекет, ұйымдар, одақтар)  орнататын орталықтарға пайдалы. Нақты айтатын болсақ, Еуразиялық одақ. Ал одақтың ішінде басқаларға сүйеніп, бейтарап өмір сүретін қатысушылар емес, белсенді қатысушылар пайда табады. Ал оқиғаның әрі қарай дамитынын күтетіндер бұл ойында жеңіліс табатыны сөсіз.

Қазақстанның болашағы қандай?

— «Үлкен ойыннан» бізге қандай қауіп төнеді? Қазақстан тәуелділік бойынша бірінші орында екенін есімізден шығармауымыз керек. Біздің экономикамыз сыртқы жағдайға  түбегейлі тәуелді, бұл өте күрделі проблема. Оны қазірден, мұнайдың бағасы құлдыраған сәттен сезіне бастадық.

Бізге келер пайда қандай? Біз Еуразиялық одақтың мүшесі болғанымыздың өзі пайдалы ма?

Еуразиялық одақ ақыр соңында пайда көретін болса да, қазіргі шығыны ұшан-теңіз. Біз оның құрылтайшысымыз.

Біздің «либералдарымыз» бен «патриоттарымыз» Еуразиялық одаққа мүше болуымызға бар күшімен қарсы шығып отыр. Бұл қарсылықтың пайдасына қарағанда, зияны көп.

— Айтып отырған қайта бөлісу  қажеттілік пе, әлде біреудің қалауы ма? Қазақстан бұндай ойындарға қатыспаса болмай ма?

— Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың  2009 жылы ақпанда «Российская газета»  ақпарат құралында жарияланған «Дағдарыстың кілті» мақаласынан бастар едім.  Онда ол долларлық жүйені кемшілік деп атап, оның құлдырайтынын болжаған.

(Ескерту —  Назарбаевтың мынандай  пікір білдірді: «Күні бүгінге дейін әлемдік валютаға негізделген, жаһандық генетикалық ақауы бар әлемдік капитал Ескі әлемнің жұмыс моторы, жүрегі болып келді. Бұл әлемді біз әлемдік капитализм деп атаймыз. Дегенмен, дефектісі бар валютаға сүйенетін кемшілігі көп капиталды шынайы атауымен «дефектал» деп атаған дұрыс.)

Қазір Елбасының болжамының шындыққа айналып жатқанын көріп отырмыз.

— Ескі жүйенің орнына не келеді? Неліктен Еуразиялық жүйе пайда көреді?

— Бұл ойынның нәтижесінде әлем макроаймақтарға бөлінеді. Әрине, АҚШ өзінің континентінде басымдылыққа ие болатыны сөзсіз. Англия Американың Еуропадағы бір филиалы болады. Еуропа жағдайы жақсарып, өз алдына дербес әрекет ете алады.

Батыста Болгария, Румыния, Венгрия және Польша жаңа Еуропаға қосылмайды

Қытай барлық қиындықты жеңіп шығып, ықпал ету арналары бар ұлы экономикалы ел болып қала береді.

Еуразиялық одақ моңғол империясы секілді болады. Оның құрамына Түркия, Иран және де Жапония кіретін шығар. Еуразияның екі орталығы болады: Мәскеу және Стамбул. Біздің орнымыз бірігуге қаншалықты үлес қосқынымызға байланысты.

Ресейдің ең үлкен басымдылығы — қолда бар қоры

— Тағы да айтайын, Қазақстан өз алдына дербес ойыншы емес. Алайда біз Үлкен ойынға қатыса аламыз, сәйкесінше белгілі бір басымдылықтарға ие болғанымызбен, қауіп-қатер де жоғары.

— Мәселен? 

— Басымдылық ретінде

жаңа, бұрынғыға қарағанда дербес еуразиялық экономикалық жүйеге көшуді көрсетуге болады,

онда долларлық ресурстың орнына өзіндік ресурстар шығарылады. Сондай-ақ бірлескен даму жобалары пайда болады.

Қытай Ресейлік ресурстарға тәуелді. Еуропа «жасыл» экономикаға өткісі келгенімен де, әлі де өз аладына тәуелсіздікке қол жеткізген жоқ. Әрине, бұнымен барынша күресіп, ресейдің газына тәуелділікті барынша жоюға тырысады.

Яғни Ресейдің қолындағы басты көзірі сыртқы жағдайға бейімделген экономикасы. Оның ресурсы еуразиялық кеңістікке ғана емес, Қытай мен Еуропаны қамтамасыз етуге жетеді.

Қазақстанға келейік. Айтып өткенімдей, біздің экономикамыз сыртқы жағдайларға тәуелді. Экспорттың басым бөлігі ресей инфрақұрылымы бойынша Еуропаға кетеді. Ал

біздің кен орындарын трансұлттық компаниялар басқарады

Экспорттың пайдасын да солар көреді. Ресейліктер өздеріне тиімсіз, басқаларға тиімді экспорттың ресей аумағы арқылы өтуіне бейжай қарай алмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз