Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

COVID-19: қателіктерді түзетіп, дұрыс шешімдер қабылдап, күздегі толқынға дайындалу қажет — Түменова

363
Бахыт Түменова

Қазақстанда  коронавируспен ауырғандар 15 мыңнан асып кетті — бұл сан Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы болжамынан екі есе артық. Маусым айы аса қиын жағдайда өтуде.

Үкімет мүшелеріне COVID-19 диагнозы қойылды, ал індеттен қаза болғандар саны жүзден асты. Кейбір облыстар қайтадан қатаң карантин енгізуге мәжбүр болды және науқастарды жоспарлы ауруханаға жатқызуды тоқтату туралы жариялады. 18 маусымда Министрлер кабинеті  ел аумағында шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.

Асығыс қабылданған шешімдерге қатысты қоғамда маңызды сурақтар туындауда. Соның бірі — жоспарлы операциялар. COVID-19 онкология, хирургия және басқа да медициналық профильдерді жоққа шығара алмайды. Ел табиғи іріктеу режиміне көшкен жоқ па? Осы және басқа да сұрақтарға «Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова жауап берді.

Тарс жабулы есіктер

— Бақыт Ниязбековна, елде COVID-19 ауруына қатысты төтенше жағдай орын алды. Көптеген облыстар науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызудан бас тартты. Алайда вирус басқа ауруларды жойып жіберген жоқ қой? Қазақстанда қабылданған шаралардың кесірінен ақыр аяғында инфекциялық емес аурулардан қаза болғандар көбейіп кетпей ме?

— Маған біз әлі де COVID-19 індетінің шыңына жетпегендей көрінеді. Сұрақтар өте көп. Оларға жауап беру үшін қандай да бір есепте тұрған барлық науқастардың денсаулық жағдайына күшті мониторинг  жүргізу қажет.

Кез келген жоспарлы операция ерте ме, кеш пе шұғыл болады. Нақты мысал келтірейін

Кеше  Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы арқылы бір отбасына көмектесуіме тура келді. Ақыр аяғында мәселе шешілді, бірақ мен араласпай тұрғанда ол отбасының жағдайына ешкім назар аудармаған. Егде жастағы әйелдің тамырға қатысты проблемалары болған, оған хирургтар келіп, жарақатын таңып отырған, ал ол өз бетімен жүре алмайды. Оған жедел араласу қажет болды. Егер екі күннің ішінде шұғыл шара қолданбаса, әйелдің аяғын ампутациялау қаупі төніп тұрды. Отбасыға COVID-19-ға ПТР-ді өз бетінше жасау шартын қойғанша бәрі жақсы болды.

Бар қиындық осы сәтте басталды. Ол өз бетімен зертханаға өзі бара алмайды. Ал туыстары үйде зерттеу жүргізіп, қызмет көрсететін мекемені таба алмады. Ақыр соңында мен араласып, мәселе шешілді. Науқас адам дәрігерлердің бақылауында жатқанда оған ПТР-ді өзің тапсыр деген талап қою ақылға сыймайды ғой.

Мұндай жартылай көмектен не пайда? Әсіресе науқас шұғыл көмекке мұқтаж болған кезде

Бүгінде жағдайдың ауырлығына, тіпті біз енді ғана коронавирус індетінің шыңына жақындағанымызға қарамастан, шұғыл пациенттерге назар аудару керек. Оларға толық көлемде көмек көрсетуге қажетті шараларды қабылдаған жөн.

Барлығы да кінәлі

— Қалай ойлайсыз, ТЖ режимі мен карантинге қарамастан, не себепті Қазақстанда пандемия өршіп тұр?

— Мұның көптеген себебі бар. Біреуді нақты айыптағым келмейді, себебі медицина қызметкерлерінің өзінде де қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері болды. Ал егер оларға тиісті түрде қауіпсіздік құралдарын бөлмесек, жылдың соңында науқастар емдейтін ешкім қалмайды.

Инфекцияның таралуына тұрғындар да өз үлесін қосты. Адамдар сақтық шараларын ұстанбады. Сондай-ақ, вирустың бар екеніне де, пандемияға да сенбейтін адамдар болды. Тіпті кейбір білімді, сауатты адамдардың өзі де осындай пікір таратты.  Жағдай онсыз да қиын болған сәтте  мойындамау және сенімсіздіктің ақыры нашар болуы мүмкін.

Сонымен қатар, карантиндік шектеулер тым ерте жеңілетілді. Үш ай бойы оқшаулауда отрыған адамдар  барлық талаптарды естен шығарды

Мемлекет болжамдар берген кезде жағдайдың маңыздылығын жете бағаламады. Сондай-ақ біз басқа елдердің тәжірибесі мен халықтың ділін ескермедік. Көптеген дәрігер вирус жұқтырып, қатардан шықты. Бұл қателердің барлығы аурудың өсуіне әкелді.

Алайда, енді екінші рет сол қателігімізді қайталамау керек. Бір шешімді орындау басқа проблемаларды қиындатпауы керек. Пандемия, пандемия деп, жағдайы ауыр науқастарға жедел көмек көрсетуді кейінге қалдырмаған жөн.

Жүйе сағат секілді жұмыс істеуі керек. Қазір өкінішке орай жүйенің жұмысында ақау бар. Адамнан вирус белгілері анықталған жағдайда қолданылатын нақты әрекет алгоритмі жоқ. Біреулер жедел жәрдемге, ал біреулер емханаға қоңырау шалу керек деп мәлімдейді. Адамдар қайда барарын білмейді, оларды екі қызмет бір-біріне сілтеп, босқа сандалтуда. Мұндай жағдай кезінде елдегі эпидхуалдың жақсаратыны туралы айта алмайтынымыз анық.

Күзге дайындық

— Ауруханалардың қорында төсек орындар жетіспеуде. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Жаңа аурухана салатын уақыт жоқ.

— Бос тұрған жатақханаларды іске қосып, қандай да бір медициналық орталықтарды инфекциялық стационарға айналдыруға болады. Ең бастысы — басқа ауру диагноздары бар адамдарды  назардан тыс қалдырмау.

— Әлемде қазірдің өзінде 8 млн  адам вирус жұқтырды. Қазақстанда осыған дейін жасалған болжамнан екі есе артық деңгейге жетті. Елді ТЖ режиміне екінші рет ауыстыру мүмкіндігі бар ма?

— Өкінішке орай, экономика қайтадан қатаң карантинге кетуге мүмкіндік бермейді. Алайда қатаңдату қажет. Сонымен қатар, ауру белгілері байқалмағандарды да нақты есепке алу керек.

Менің ойымша, төмендетілген болжам жасау қателік болды.

Барлығы жақсы деп кейіп танытқанмен, инфекцияны ешқайда жасыра алмаймыз. Елде барлық ауруханалар толып, орын жетіспей жатқанда, әдемі статистика кімге қажет?

Ақыр соңында, Мемлекет Денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайға ғана емес, басқа да әлеуметтік қызметтердің жұмысына назар аударуы керек. Қазір халықтың ең осал тобы – созылмалы аурулары бар қарт адамдар. Олар тез арада бір мәселені шешкісі келгенде ешқайда хабарласа алмайды. Себебі әлеуметтік қызмет сайттарында көрсетілген байланыс деректері көбінесе ескірген. Оны ешкім  қадағаламайды да. Ал аға буын адамдары өте қазымыр емес пе, олар дереу жұқтыру қаупі бар орындарға бет алады.

Мен жақында ғана қаланың әлеуметтік қорғау қызметінің телефондарының қалай жұмыс істейтінін тексердім. Сайтта төрт мобильді нөмір көрсетілген. Мен қуанып кеттім. Тек екі нөмірге қоңырау шала алдым, бірақ екеуі де бұрынғы қызметкерлердің жеке телефондары екен. Бұл ұсақ-түйек боп көрінгенімен, олай емес.

Бізге барлық арнадан себепсіз үйден шықпаңыздар деп ескертуде.  Алайда, нақты өмірде, сыртқа шығуға мәжбүр болатын сәттер өте көп. Бұған мемлекеттік құрылымдар себепкер

Қазір біз тез арада қорытынды жасап, дұрыс шешім қабылдап, күзгі толқынға дайындалуымыз керек. 2020 жылдың соңына дейін қарбалас тірлік кешетініміз анық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз