Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-5
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Бельгиялық миллионерге күйеуге тиген Айерке: “Мұнда қазақ қыздарына сұраныс жоғары…”

13700

20 жастағы астаналық бойжеткен бірнеше жыл бұрын мемлекеттік грантпен Брюссельге оқуға барады. Онда да кәсіби бишінің оқуына деп жазады Nur.kz

“Мен шетелдік грантты ұтып алғанымда басында сенбедім. Әрине, қатты қуандым, бұл мен үшін үлкен сый болды. Туысқандарым алдында мені Бельгияға жібергісі келмеді. Бірақ ақырында көнді.

«Мирзияев біледі екен…». Сарапшы Өзбекстанда тұратын қазақтың шын санын айтты

Бастапқыда оқу өте қиынға түсті. Өйткені шетелдің білім беру жүйесі Қазақстандағыға ұқсамайды. Менталитет жағынан да қиындау болды. Үлкен сынақ болды. Оның үстіне бельгиялықтар қатар алып жүретін тіл – французшаны игеруге тура келді.

Әбден үйреніп, төселдім-ау дегенде ақша табудың жолын да қарастыра бастадым. Бишінің оқуын оқып жатқандықтан Брюссельдің бір түнгі клубында би билейтін болдым. Ол арада тағдыр мені Алерге қосты. Кейіннен оның Бельгиядағы ең бай отбасынан екені белгілі болды.

Басында мен оған мән берген жоқпын. Телефонымызбен алмасқанбыз, ол артымнан жүгіріп жүрген секілді болды. Кездесуге шақырды. Ол маған бірден ұнамады. Бірақ кездесулерде ол өзін нағыз сері секілді ұстады. Оған қай жерім ұнағанын білмеймін. Бірақ маған ғашық боп қалғаны көрініп тұрды.

«Дәурен естімесін…». Ақбота Сейітмағамбет ашылып сұқбат берді

Мүмкін ол бай отбасынан болған соң бәріне тез қол жеткізіп үйреніп қалғаннан кейін солай болған шығар. Ал мен қазақтың қызымын. Жігіттің ығына біз бірден жығыла кетпейміз ғой.

Оған менің қарапайымдылығым мен тазалығым ұнаған секілді.

Бір жылдай кездесіп жүрдік. Ата-анам естігенде төбе шаштары тік тұрды. Өйткені ол шетелдік қой. Ең құрмағанда, Алер мұсылман болса олар түсінер еді белгілі бір деңгейде. Ол протестант екенін білгенде, тіпті біздің батамызды ұмыт деді ғой.

Бірақ Алер айтқан бетінен қайтпады. Қазақстанға келіп, ата-анамның алдынан өтті. Маған үйленгісі келетінін айтты. Ақырында әке-шешем көнгендей болғанда апам қарсы шықты.

Сал боп қалған ресейлік бойжеткен Түркістандағы әулие басына қонып, жүріп кетті

Апам: “Ол кәпірді әкелме” деп кесіп айтты. Ол кісі өте қатал еді. Бірақ менің жігітім де оңай адам болмай шықты. Апамның есік алдындағы төсекте 25 күн жатып алды.

Осылайша ол апама мен үшін бәріне баруға дайын екенін дәлелдегісі келді. Тура осы іс-әрекеті апамның да көңілін жібітті. Апам да біздің үйленуімізге ақырында рұқсат берді.

Қазір біз бақыттымыз. Алердің қазақтың жігіттерінен ерекшелігі ол отбасындағы мәселені әйелдікі немесе еркектікі деп бөлмейді. Мәселен, мен ыдыс жуып, тамақ істеп жатсам ол үй жинап, тағы басқа шаруаларды еңсеріп жатады. Біз бәрін бірге істейміз, бірге ақылдасамыз.

«Мынау сол ма?..». Айгүл Иманбаеваның суреті желідегілерді шошытып жіберді

Алер, тіпті ең үлгілі студентке деп маған бөлінген мемлекеттік стипендияның бір тиынына дейін Қазақстанға қайтарып берді. Өйткені келісімшартта ол ақшаны белгілі бір мерзімде қайтаруым көрсетіліген еді. 60 мың евроны Алер төледі. Сондықтан тойдан соң біз Бельгияға оралдық. Мен өнер саласындағы білімімді ары қарай жалғастырдым, ал ол болса бизнеспен шұғылдануда.

Негізінде, шетелде қазақ қыздарына сұраныс жоғары екенін байқадым.

Бірақ мен ешқашан еуропалыққа күйеуге тисем деп армандап та, жоспарлап та көрмеппін. Маңдайға жазғаны сол болды. Мен бір нәрсені ұқтым. Махаббатта адамдар нәсілге, дінге бөлінбейді екен, – дейді Айерке.

Орамалды келіншектің әңгімесі: «Кезінде мені алмай, тастап кеткен жігітімді көрдім…»

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз