Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Орамалды келіншектің әңгімесі: “Кезінде мені алмай, тастап кеткен жігітімді көрдім…”

11964

Танымал ақын жас кезінде бір жігіттен опық жеген танысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Тұрсынбаеваның кейіпкері бір кездері өзімен бірге жатақханада тұрған қыздың сіңлісі.

“Осыдан 20 жылдай уақыт бұрын болу керек, бір қызбен сыйласып жүрдім. Оның туған сіңлісі Алматыда оқитын. Бір күні сол сіңлісі бізге жатақxанаға қонаққа келді. Өте сұлу қыз болатын. Сол кездің өзінде 5 уақыт намаз оқып жүрді. Бізге келген кезде жігітімен ренжісіп қиналып жүр екен. Сонымен не керек жатақxанадағы “данышпан қыздар” күнде отырып алып ана қызға ақыл айтамыз.

«Артынан ұстап апты…». Баян мен Тұрсын Алагөзовтер бидің түбін түсірді (видео)

“Ренжітетін жігітті қой, сұлусың, жігіт табылады” деп миын ашытамыз. Бір күні қызымыз еңіреп жылады. “Мен оны сүйемін, онсыз өмір сүргім келмейді, өмір бойы сүйетін боламын, басқа ешкім керек жоқ!” деп бір-ақ кесті! 10-15 күннің ішінде ап-арық болып жаман жүдеп кетті. Сөйтіп жүргенде ол албасты жігіті басқа қызға үйленіп тынды. Депрессияның көкесі енді басталды! Сіңлісімен бірге әпкесі де, мамасы да қосылып жылайтын болды.

Сонда есімде қалғаны қыз байқұс жылап отырып “құдай мені сүймейді, қанша дұға жасадым, ақыры далада қалдым” деген еді.

Мен байқұста пәтуа беретіндей қайбір ақыл бар, өзім 20-ға толмаған желөкпемін. Аянышты көзбен қарап отырып үндей алмадым. Жүрегім қатты ауырған еді бірақ”, – деп бастады сөзін Тұрсынбаева.

«Түкіріп жіберді…». Атышулы Замира бірге тұрып жатқан жігітін көрсетті (видео)

Арада біраз жылдар өткен соң, Тұрсынбаева сол қызды желі арқылы тауып алған. Бұрын да сұлу болған ару әдемі келіншекке айналып шыға келген. Өзі тұрмыста, әрі 2 баласы бар.

“Мәссаған, сұлу қыз, бұрынғыдан да сұлу боп кетіпсің, 2 балаң бар екен ғой, уақыт деген қандай ә” деп бірден дайректке xат жазып бастадым. Сосын Алматыда кездесіп шәй іштік. Күйеуі заң саласында бастық, ұлы, қызы бар екен. Баяғы еңіреген қыз есейген, ақыл тоқтатқан!

“Айнұр әпке, баяғы мені алмай кеткен жігітті көрдім. Күйеуімнің досы ішкілікке салынып, наркодиспансерде жатқан, сол жердің ауласында отыр, наркоман екен, сондай білімді жігіт сондай xәлге түседі деп кім ойлаған?!

Мені танып маған қарап қалды ғой” деді. “Алла мені неге сонша жылатты, неге мені сүймейді деп жылап едім, керісінше мені шексіз сүйіп үлкен қиындықтардан құтқарған екен ғой” дегенде не айтарымды білмедім.

«Басқа әйелмен…». Отбасылы еркектер әйелдерінің көзіне неліктен шөп салатындарын айтты

Қиындық деген сынақ, әр сынақтың артында қуаныш бар, қайыр бар дегеніміз осы емес пе?! Біздің бір жаман жеріміз асығамыз. Кез келген қиындық бітпейтін сияқты, өмір бойы жылайтын сияқты түңіліп кетеміз. Алланың өз есебі бар! Бәріңіздің жүректеріңізге тыныштық тіледім”, – деп түйіндеді сөзін Тұрсынбаева.

Сағаты 20 мың деген жезөкше жігіт тегін қызмет көрсетуге де дайын екенін айтты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз