Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Есенберлиннің түбіне жеткен кім?

1657

Мәсеудегі жағдай мәз емес, – деді Ілекең баяу күрсініп, Бұрын аппараттағы біреулерге сенбей жүруші едім. Кеше сол жақта жүрген комиссия мүшесі Шыңғыс Айтматовпен сөйлестім. Грузиндер Думбадзеге сыйлық әпереміз деп артынып-тартынып Мәскеуде жүрсе, мұндағы біздің ағайындар менің үстімнен қарша боратып, арыз айдап жатқан көрінеді.

Мыналары сұмдық қой. Сонда не айтады олар?

Сол баяғы сарын: «Есенберлиннің романдары хан-сұлтандарды мадақтайды, феодализмді көксейді. Бүлікшіл Кенесарыны дәріптеп, ұлттар достығына іріткі салады. Қазақстанда ол кітаптарды халық қабылдамай, кезінде қатты сынға ұшыраған», деп жаппаған жаласы, жақпаған күйесі қалмапты. Орыстардың да ішінде «ит өліп» жатыр ғой. Орталықта отырғандар жаңағы сөздерге иланып қалған сияқты.

–Арыз жазғандар кім екен, білдіңіз бе?

Олардың кім екені былай да белгілі емес пе? деп Ілекең терең тыныс тартты. – Өздерінен басқаға болсын демейтін, сол баяғы өзің білетін топтың адамдары… (Қабдеш Жұмаділов, «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романынан. Олардың кім екенін ғұмырнамалық романды оқып отырып, білуге болады).

Бұған біздің алып-қосарымыз жоқ.

Сол ит тірлік, аяқтан шалу, ор қазу әлі күні жалғасуда.

Ел боламын дейтін ел бірін-бірі батырым деуші еді. Бізде бәрі керісінше… Өкінішті.

Ақшарқат Ахметбек

«Бұл не мазақ?». Байтұрсыновты ату жазасына кескен қазақтың кім екенін білесіз бе?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз