Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

“Бұл не мазақ?”. Байтұрсыновты ату жазасына кескен қазақтың кім екенін білесіз бе?

133

Алаш арыстарының өмірін зерттеп, олар жөнінде көптеген құнды дүниелер жазған Тұрсын Жұртбай Ахмет Байтұрсыновты ұстап, тергеп, ату жазасына кескен адамның ағайын-туысын жақсы білетін болып шықты. Ол былай дейді:
https://kaz.365info.kz/biz-abden-zhenilgen-yltpyz-tarihshy-mambet-khojgeldi-306042
Тағдырдың мына мазағын қараңыз, тергеу ісімен танысып отырғанда Ахаңды ұстап, тергеп, ату жазасына кесіп, үкім шығарып, «үкім орындалды» деп жазған адамның ауыл-аймағын, ағайын-туысын жақсы білетін боп шықтық.

Талай адамға, оның ішінде менің жан досым Жәнібек Кәрменұлына істеген жақсылығы үшін ол адамға сүйсініп те жүретінмін. Тіпті, сонау жетпісінші жылы маған дастан да жаздырмақ болды ғой деймін. Баласы хабарласып, оңашада жай-жапсарды біліп, үнсіз қалғаны: «енді жария етесіз бе?» дегендегі сұраулы жанары біздің жүрегімізді шымырлатты.

Өзгені қайдам, біз ол кісінің атын атамауға іштей бекіндік. Ол үшін кешірім өтінемін.

Ал куә ретінде тартылған, Ахаңның атылуына себепкер болған Ғайнижамал Қабдалиеваның өзі бізді іздеттіріп, басынан кешкенін айтып бергенде, төбе шашымыз тік тұрды (Бұл оқиға «Ұраным Алаш» кітабының бірінші бөлімнің қорытындысы ретінде берілді. Қайталап бір көз қиығын салсаңыз, сіздің де жүрегіңізді шымырлататыны анық).

Ал Ахаңның Нұржанов деген тергеуші жерлесі: «Мен Байтұрсыновтан жауап алдым. Сонда бір апта дайындалып барғанда, білімім үш сағатқа қана жететін», – деп баспасөздерде естелік айтып жүрді, – дейді Тұрсын Жұртбай.

Бәлкім,

Тұрсын Жұртбай кейінгі ұрпақтар арасында осы мәселеге байланысты үлкен жанжал, дау-дамай тумасын деп әлгі адамның атын-атап, түсін-түстемеген болар.

Бірақ кімнің-кім екенін біле жүру үшін, айтқаны да дұрыс па еді?

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/namys-zhokh-naryzylykh-zhokh-khazakhtyn-ruhy-khajda-dulat-isabekov-312796

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз