Instsgram желісінде таралып кеткен видео көпшілікті шошытты. “Шалқардағы той” деп жүктелген видеода жастар далалықта аспанға оқ атып жатыр.
Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Роликтен бірінші жігіттің пистолетпен аспанға оқ атқанын, екіншісі автоматпен оқ жаудырғанын байқауға болады.
Бірнеше джип көлігімен өзен жағасына барған жастар жас жұбайлармен бірге жүр.
Той иелерінің әзірге кім екені белгісіз. Бірақ, оқ атқандарға қол шапалақтаған жастар қиқуына қатысты ІІД әлі ақпарат таратпады.
https://kaz.365info.kz/auyzga-aludyn-ozi-yyat-halal-shipazhajga-bargan-kelinshek-oz-kozimen-korgenin-ajtty-327536
Желідегі қауымның бір легі бұл әрекетті „жастар шешендерден көшіріп, жасаған„ десе, тағы бірі „ата-бабамызда мұндай дәстүр болмаған, қайдан шығарған жаман ырымды„ деп қатты ұрысқан.