Бразилиядағы Эспирито-Санто штатында 3 жасар егіздер өз үйінде ағаш жәшікте қамалып отырған жерінен табылды. Бұл кезде баланың ата-анасы жұмыста болған. Белгісіз біреулер полицияға шағымданғаннан кейін, құқық қорғаушылар үйге басып кіріп, қамалып отырған балаларды көрген.
Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Нәтижесінде егіздер балалар үйіне тапсырылды. Ал олардың фермада жұмыс істейтін ата-анасы тұтқындалып, балаларға қатігездікпен қарады деген күдікпен полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Алайда балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ.
«Ата-анасы алқапта алаңсыз жұмыс істеп, үйдегі шаруаларын тындыру үшін балаларын жәшікке қамап қойып жүргенін айтты», – дейді полиция қызметкері.