Продюсер Баян Алагөзова елді шулатқан оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. Ол қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызын қолдап шықты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
“Өзге ұлт өкілінің әйелі болу бізде қабылданбайды! Біреудің тағдырына разы емес ер-азаматтар “армиясы” осылай шешіпті. Қатты таңырқап отырмын.
Демек, қытайлардан миллиардтаған доллар қарыз алуға болады, олардың техникасын пайдаланып, қытай мейрамханаларына барып, киімін киіп, тіпті мұнай компанияларын қытай азаматтарының басшылығына беруге болады, бірақ қытайлықты сүюге болмайды ма сонда?..
Қытайды сүюге болмайды деген азаматтар, шын мәнінде, махаббаттың не екенін білмейді. Оған толық сенімдімін„ – дейді Алагөзова.
https://kaz.365info.kz/yubkisi-bar-ma-zhokh-pa-bayannyn-kishi-khyzy-zhyrttyn-zhagasyn-ystatty-313378
„Шынымен намыстансаңыздар, қытайдың киімін кимеңіздер, қытайдың техникасын тұтынбаңыздар. намысты осыдан бастау керек„ деп тұр ғой продюсер қысқаша қайырғанда. Мұнысы ақылға қонымды енді…
https://kaz.365info.kz/oralmandar-adeji-istegen-khytajlykhpen-suretke-tysken-khazakh-khyzy-maskhara-shyndykhty-ajtty-foto-321347