Бүгiн Қытайдың Циндао қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитi басталды. Оған Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттiгi.Отырысты ашқан ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Шанхай Ынтымақтастық ұйымы құрамына Үндiстан пен Пәкiстан кiргеннен кейiн мықты бола түскенiн айтты.
«Бiздiң отырыс ұйым құрамы ұлғайғаннан кейiн алғаш рет барлық мүше мемлекеттердiң қатысуымен өткiзiлiп отыр. Самиттiң тарихи маңызы зор. Бүгiнгi таңда халықаралық қауымдастық Шанхан Ынтымақтастық ұйымына баса назар аударып отыр. Бiз аймақтағы тұрақтылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және өңiрдiң дамып, гүлденуiне жауапкершiлiгiмiздi арттырып келемiз», – дедi Қытай басшысы.
Саммиттiң негiзгi қорытынды құжаты Циндао декларациясы болмақ. Аталған құжатта ұйымның өткен кезеңдегi жұмыс қорытындысы келтiрiлмек. Сондай-ақ, бiрқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.