Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Өздері құтыртады…”. Қазақ жігіті альфонстардың неге көбейіп бара жатқанын айтты

394

“Кел, келінім” бағдарламасында өзіне үйде отыратын бай іздеген атышулы кейіпкердің сөзінен үзіндіні инстаграм парақшасына жариялаған ол:

“Көктен іздегенім жерден табылды-ау! Қайда жүрсің, қыз-ау. Мен дайынмын!”

деп жазба қалдырған.

Қайырбек Жайлыбекұлы

Әзіл-шыны аралас бұл сөзінің мағынасын түсіндіруді өтініп оған ernur.kz тілшілері хабарласыпты.

“Бар ондайлар бізде. Батыс елдерінде әйел адамның қалтасына күн көретіндер жігіттерді “альфонс” деп айтады.

Біздің елде де жарын ауқатты ортадан шыққанын қалайтын еркектер жетерлік. Оны неменеге жасырамыз?

“Қайын жұртым жақсы поддержка береді-ау” деп жағдайына қарап құда түсетіндер де бар. Ашық айтылмаса да “альфонстар” біздің қоғамда да қаптап кеткені рас.

Алайда қазақ жігіттері түздің, әйелдер үйдің адамы екенін жеткізгім келді. Бойжеткендер еркектермен тең екенін алға тартып, жарысып ішіп, шегіп, кәсіп ашып, енді, міне, табыс әкелуші қызметіне отырды. Бұл шарықтау шегі деп білемін. Қазақ қыз баланың тәрбиесіне қатты мән берген. Қазір тыйымдарға түкіріп қарайтын секілді.

«Әншейін жатқан…». Сары Алмастың қызы Ситора Назарованың масқарасын шығарды (видео)

Бесіктен белі шықпай “бай” іздегендері қай сасқаны? Бұрымдылардың бұл қылықтарынан ұлттың болашағына қатты алаңдаймын, шыны керек. Келешек ұрпақ қандай тәрбие көрмек?! Бәлкім, жігіттер ұсақталып жатыр, бірақ әркімнің қоғамдағы өз рөлі, өз орны, тіпті атқаратын қызметі бар, еркек-еркек, әйел-әйел болуы керек!

«Туша құсап». Жанар Айжанова жас кезіндегі суретін желіге жүктеп оқырмандарын мәз ғып қойды

Соған жұрттың назарын аудартқым келді. Менің түсінігімдегі қыз – үйдің шам-шырағы, берекесі, ұйытқысы!” – дейді журналист.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз