Даңқты боксшы Отанына келіп, өз аты берілген спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.
Спорт кешені Майқұдықта бой көтерген, өйткені боксшының өзі осы ауданда туып-өскен.
Кешеннің ашылуы мен GGG-мен кездесуге 10 мыңдай адам келіпті. Бұл кешеннің құрылысына жергілікті бюджеттен 874 млн теңге жұмсалыпты.