Өкінішке қарай, қазіргі Қазақстанда кез-келген тәрбиеші өз ісінің маманы емес. Мәселе біздің жүйеде шығар.
Мардымсыз жалақының салдарынан балабақшалар қолында әйтеуір бір қағазы бар кез-келген адамды алуға мәжбүр. Содан болар, балабақшада балаларды ұрып-соғу жиілеп кеткен.
Бір ересек қызы бар екен, күйеуінен ажырасқан көрінеді. Куәгерлер оның балаларды үнемі ұратынын айтқан.
Бұл видеоны жапа шеккен баланың анасы инстаграмм парақшасынан көрген екен. Видеоның авторына “Мен анасымын. Бұл видео жайлы бүгін білдім. Әлі жазасын алады, бұлай қалдырмаймын. Жүрегім жарылып отыр, дәлелдің бәрі қолымда, таң атсыншы, ИншаАлла”, деп пікір қалдырған.
Қызылорда қаласы әкімшілігінің білім бөліміне хабарласқанымызда, балабақшаның жекеменшік екенін айтты. Тәрбиешіге қандай шара қолданылғанын білу мүмкін болмады, істің мән-жайына қанық бөлім бастығы жұмыс орнында жоқ көрінеді.
Аяжан Төрехан