Астанада №2 бақылау-өткізу пунктінің жанында сағат 13.00 шамасында оқыс оқиға орын алды.
Куәгерлердің айтуынша, әйелдің үстіндегі киім өртенген деп хабарлады NewTimes.kz. Оны біраз уақыттан кейін көмекке келген адамдар сөндіріп алған.
Әйел соттың шешімімен келіспегендіктен осындай қауіпті қадамға барып, биліктің назарын өзіне аудартпақ болған көрінеді. Оның баласын есірткі үшін соттап жіберген, алайда ана ұлын кінәсіз деп есептейді.
Белгілі болғандай, шамамен сағат 12:00-де арыз берушіні бас прокурордың көмекшісі қабылдаған. Жарты сағаттан кейін бұл кездесу аяқталады. Әйел кабинеттен шығып, үстіне бензин құйып, от қойған.
Полицейлер әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.