Гүлнара Кармованың ұлы Ислам Каримов BBC өзбек қызметіне берген сұхтаныда анасының өлімі туралы хабарды жоққа шығарды.
Бұл туралы kaz.tengrinews.kz хабарлайды.
“Анам 2014 жылдың ақпанынан бері үй қамауында. Қарындасым қамауда емес, бірақ елден кете алмайды. Өзім қазір Лондондамын”, – деп мәлімдеді Каримов.
Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тар Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Гүлнара Каримова қайтыс болды деп хабар таратқан еді. Өзбекстанның қайтыс болған президентінің үлкен қызы 5 қарашада уланып өлді делініп, сол күні Ташкенттегі “Минор” зиратында жерленді делінген болатын.