Желтоқсанда Қытайда жоғалған балаларды іздестіру бойынша жаңа компания жұмысын бастамақ.

Ауыз су құйылған бөтелкелерге балалар суреттері жапсырылып, олар туралы ақпарат орналастырылады. Жоба Baobeihuijia.com. кәмелетке толмағандарды іздеу бойынша ірі интернет-порталдың жәрдемдесуімен іске асырылады.
Жоғалған балалардың ата-аналары оларды ауыз су құйылған бөтелкелердегі фотосуреттердің көмегімен іздеуге келісімдерін берді. Суды адамдар көп шоғырланатын жерлерде: сауда орындарында, метрода, вокзалдар мен өзге де жерлерде сату болжанып отыр.
Baobeihuijia.com интернет-порталы 1704 баланы табуға көмектескен. Порталда жалпы саны 31 мың отбасы балаларын іздестіруде, деп жазады epochtimes.ru.