Рио Олимпиадасына қатысып жатқан бір елдің құрамасынан жоғалып кеткен 20 мың доллар табылды. Ұрлық ақша осы Олимпиада ауылында жұмыс істейтін жұмысшының бөлмесінен шықты.
Бұл туралы Globa басылымына сілтеме жасап, ТАСС хабарлады.
Рионың құқыққорғау органдарына жұма күні кешке ақша ұрланғаны туралы шағым келіп түскен. Олар, ең алдымен, Олимпиада ауылындағы барлық қызметкерлердің бөлмесін ақтарып, тексеріп шықпақ болады. Қателеспепті, тексеру кезінде сол араның тазалығымен айналысатын жұмысшы бөлмесінің жеке заттары ішінен ұрлық ақша табылды.