Мына бір суретте Баукең елжіреп, құшағына басқан балдырған кім?
Бала кезінде батырмен суретке түсу бақытына ие болған бұрынғы бұрымы бір қарыс балдырған, бүгінгі қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі болып шықты. Ол Толқын Забирова екен. Бұл туралы жазған elana.kz осы фососурет – әнші үшін аса қымбат һәм қадірлі бұйымдардың бірі дейді. Бойтұмардай сақтап жүрген қастерлі дүние. Үлкейтіліп, әдемі фотожиекке салынған фотосурет қазір Толқын Забированың шаңырағының төрінде ілулі тұр.
Бауыржан Момышұлы мен кішкентай балдырғанның бейнесі сақталған фотосуреттің тарихы осындай.