Қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен 10 қыркүйекте жұдырықтасатын Келл Брук өзінің «Твиттер» әлеуметтік желісінде алдағы болатын кездесуді асыға күтіп жүргенін жазды.
Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин Келл Брукке қарсы жекпе-жектің баспасөз конференциясына қатысу үшін Лондонға ұшып келді.