Қазақстандықтар өткен демалыс күндері Түркияға бағытталған 400-ге жуық әуе билетін кері қайтарған.
Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен болған кездесуде «Эйр Астана» АҚ компаниясының президенті Питер Фостер мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Қазір Түркияға арналған трафиктің Дубай, Бангкок, Вьетнам, Грузияға бағытталып жатқандығы байқалады, – деді Питер Фостер.
– Бірақ, бұл жерде Түркияға бағытталған билеттер жаппай қайтарылып жатыр деп айтуға болмайды. Дегенмен, нақты Антальяны алып қарайтын болсақ, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар саны елеулі түрде азайды, – деді компания президенті.